Орындаған: Серікқалиев Қуаныш Топ: дир-201в тексерген


Дәстүрлі шифрлеу әдістері



бет6/7
Дата13.04.2023
өлшемі39,09 Kb.
#82049
1   2   3   4   5   6   7
Дәстүрлі шифрлеу әдістері
Жасырындыны талап ететін адамдардың көбісі дипломаттар мен әскери адамдар болады. Олардың жұмысында күтпегендіктің элементтері қажетті, ал осындай күтпегендік әр кезде жасырынды талап етеді. Шамамен 19 ғасырдың ортасында жасырын хаттың техникасын жетілдіру үшін гылыми тәсілдері мен ойлау әдістері қолданылды. Бірақта бәрібір 20 ғасырға дейін жасырын коммуникацияларға қолданылатын әдістер қағаз бен қалам көмегімен жасалатын процедуралар болатын еді. Кейбір дәстүрлі шифрлеу әдістерін қарастырайық.
Орын ауыстыру шифрлеудің мағынасы – бір блок шектерінде анықталған ереже бойынша шифрленетін мәтіннің символдарының орны ауыстырылады. Символдарының орыны ауыстырылатын блок ұзындығы жеткілікті болса және орын ауыстырудың күрделі қайталанбайтын реті болса, қарапайым практикалық қолдануларға шифрдың жеткілікті беріктігіне жетуге болады. Бұлар ең қарапайым және ежелгі шифрлер, олардың ішінде келесілерді атап кетуге болады:
- «скитала» орын ауыстыру шифры (цилиндрлік формасы бар стерженьге (скиталаға) спираль бойынша пергаментті орап, стержень бойынша мәтінді жазады. Пергаментті стерженнен алғанда әріптер тәртіпсіздік ретімен орналасады. Шифрды ашу үшін шифрлеу ережесі мен кілт ретінде қолданатын белгілі диаметрі бар стерженді білу керек;
шифрлеу кестелері; олар хабардағы әріптердің орын ауыстыру ережелерін анықтайды; кілт ретінде мұнда кесте өлшемі, орын ауыстыруды белгілейтін сөз немесе фраза, кесте құрылымының ерекшеліктері қолданылады;
- кілт бойынша жеке орын ауыстыру: кестенің тік жолдары кілттік сөз, кесте жолының ұзындығындай фраза немесе сандар жиыны бойынша орын ауыстырылады;
- қос орын ауыстыру: қосымша жасырындықты қамтамасыздандыру үшін орын ауыстыру бойынша шифрленген мәтінді қайта шифрлеуге болады; қос орын ауыстыру кілті ретінде бастапқы кестенің жолдары мен бағандарының нөмірлері қолданылады;
- сызықты емес заң бойынша кестелік орын ауыстыру: хабар NxM өлшемі бар кестеге жатық жол бойынша тізбектеліп жазылады, ал оқу шиыршық немесе басқа ирек жолмен орындалады;
- сиқырлы квадраттарды яғни тік жолдары, жатық жолдары және диагоналдары бойынша сандар қосындысы тең болатын квадраттарды қолдану. Мәтін кестеге клеткалардың нөмірлері бойынша жазылады. Осындай квадраттардың сиқырлы қасиеттері бар деп есептелетін еді. Квадрат өлшемі өскен сайын сиқырлы квадраттардың саны тез өседі.
Жәй орын басу шифрлері:
- жалғыз алфавиттік орын басу. Мәтіннің әр әрпі алфавиттің басқа әрпімен келесі ереже бойынша орын басады: орын басатын әріп бастапқы әріптен К әріпке ығысу жолымен анықталады (Цезарь шифры);
- кілттік сөзі бар Цезарь жүйесі: алфавитте символдардың ығысуын анықтау үшін кілттік сөз қолданылады.
Күрделі орын басу шифрлер. Бұл қолданатын алфавиттерді тізбектеп және циклдык өзгертіп отыратын көпалфавиттік орын басулар. Бастапқы тілдің табиғи статистикасын жасыруды қамтамасыздандыру көпалфавитті орын басуды қолданудың эффектісі болып табылады. 
Белгілі көпалфавитті жүйелердің бірі – Вижинер шифрлеу жүйесі. Оның алгоритмінің мағынасы келесіде. Бастапқы алфавиттің әріптерін циклдык ығыстыру жолымен, мысалы, 26 алфавиттердің жиыны (ағылшын алфавиттің әріптерінің саны бойынша) құрастырылады. Барлық алфавиттер жиыны Вижинер кестесін құрастырады.
Шифрлеген кезде хабардың сәйкес әрпін алмастыруға қолданатын белгілі ығысқан алфавиттің жиынын кілттік сөздің әріптері анықтайды. Ашық мәтін мен кілттік сөздің сәйкес әріптерлерінің нөмірлерін 26 модулі бойынша қосу шифрлеу процесін бейнелейді. Алфавиттің әр A-Z әрібі үшін 0-25 цифрлардың біреуі сәйкестіріледі.
Кілттік сөзі k анықталған әріптердің d санымен беріледі және қайталанып шифрленетін mi хабар астында жазылады. Келешекте i-ші бағанда mi хабардың әрпі оның астында тұрған ki кілттік сөздің әріпімен 26 модулі бойынша келесі түрдегідей қосылады:
gi = mi mod 26,
мұндағы gi – алынған криптограмманың әріптері.
Криптограмманы ашу одан кілттік сөзді 26 модулі бойынша алумен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет