Орындаған: Шадаева Марал Тексерген: Табулдинова А. М



бет2/5
Дата26.07.2022
өлшемі0,95 Mb.
#37912
1   2   3   4   5

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:

  • Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
  • Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
  • Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
  • Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
  • Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
  • Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Тарихи маңызы

  • Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.
  • Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.
  • Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.

«Қазақстан-2030» стратегиясы

  • 1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.
  • Жолдауда қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
  • Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
  • Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
  • 2030 жыл –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет