1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:
Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
Тарихи маңызы
Егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.
Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналган тарихи құжат.
Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.
«Қазақстан-2030» стратегиясы
1997жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.
Жолдауда қаралған мәселелер: 1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
2030 жыл –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.