Орындаған: Шерхан Аяулым


Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі



бет4/5
Дата22.05.2023
өлшемі36,27 Kb.
#95683
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақстанда қола дәуірі мен энеолит ШЕРХАН АЯУЛЫМ

Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі
Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.б. екінші мыңжылдықта басталған. Қазақстанның Қола дәуірі шамамен б.з.б. XVIII-VIII ғасырлар: алдыңғы (б.з.б. XVIII-XVI ғғ.), орта (б.з.б. XV-XII ғғ.) соңғы кезеңдер (б.з.б. XII-VIII ғғ.) аралығын қамтиды.Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист-ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х. Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі Қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылдыҚола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі – Андронов мәдениеті (б.з.б. ХVІІІ көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: алдыңғысы – Нұра кезеңі; кейінгісі – Атасу кезеңі. Бұл кезеңдер Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Бұл кезде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде андрондықтар деп атаймыз.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің атауы Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.

Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары:
а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі – дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты циста деп атайды.
ә) Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш қорщау түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі. Айшуақ кешенінің қоршауы – соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір үлкен зиратқа жерлеген.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс беттері қаратылып қаланған.Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі. ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.Беғазы-Дәндібай мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл – осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңіндегі қыш ыдыстардың иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек ыдыстың мойнына, ортан беліне, кейде түп жағына да салынған. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері: ыдыстардың ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері – тарақ жүзді, үзік сызықты үшбұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбүрышты өрнектер көп кездеседі. Қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жерінде тау-кен өнеркәсібі және металлургия жақсы дамыды.Солтүстік пен Батыс Қазақстан жерінде қола дәуірінің 150-ден аса қонысы, 200-ге тарта қорымы зерттелген.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қола дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Аралдың шығыс жағында орналасқан Түгіскен кесенелері Беғазы-Дәндібай ескерткіштеріне қатты ұқсайды. Айырмашылығы: Беғазы-Дәндібай кесенелері ірі гранит тастан салынса, Түгіскен кесенелері шикі кірпіштен қаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет