Орындаған: Шержанова. А Бас, ми жарақаттары мен аурулары
Бассүйек-ми жарақаты
Бассүйек-ми жарақаты (БМЖ)- бұл құрамына бассүйек терісінің,бұлшық еттің,сүйектің,мидың,қантамырларының,ми қарыншақтары мен бассүйек – ми нервтерінің механикалық зақымданулары және сіңір тартылуы кіретін ұғым.
Мидың жарақаттық зақымданулары жалпы жарақаттардың 25-30%-ын құрайды, оның 2/3 өліммен аяқталады.
Бассүйек-ми жарақатының жабық және ашық түрлері болады.Жабық түріне бастың тері қабатының бұзылмаған зақымдануы жатады.Ашық түріне бассүйектің,оның негізінің зақымданып сынуы,қан және ми сұйықтығының ағуымен жүретін зақымданулар тән.
Бассүйек-ми жарақатының жабық және ашық түрлері болады.Жабық түріне бастың тері қабатының бұзылмаған зақымдануы жатады.Ашық түріне бассүйектің,оның негізінің зақымданып сынуы,қан және ми сұйықтығының ағуымен жүретін зақымданулар тән.
Классификация
Бас сүйек пен мидың жарақаттары, Птидің классикалық жіктемесі (1773ж) бойынша:
Шайқалу (коммоция)
Жарақаттану (контузия)
Қысылу (компрессия)
Классификация
Ми шайқалуы
Мидың жеңіл жарақаттануы
Мидың орта дәрежеде жарақаттануы
Мидың ауыр жарақаттануы
Жарақаттану жағдайында мидың қысылуы
Ми шайқалуы
Ми шайқалуы – мидың ең жеңіл зақымдануы. Оның клиникасында міндетті түрде ми құрылымдарының функциясы қалпына келетін, зақымдану дәрежесі өрескел емес бұзылымдар басым. Бірнеше секундтан 10 минутқа дейін созылатын қысқа мерзімді естен тану, лоқсу, құсу, вестибулярлық бас айналу байқалады. Кейіннен қарқыны әр түрлі, 7-10 минутта басылатын бас ауруы, ретроградтық амнезия пайда болады.
Ми шайқалуы
ның алғашқы сағаттарында анизокория, орталық мимикалық бұлшық еттерінің парезі, сіңір рефлекстерінің асимметриясы түрінде білінетін жеңіл ошақтық неврологиялық симптомдар көрініс беруі мүмкін.
Ми шайқалуының алғашқы сағаттарында анизокория, орталық мимикалық бұлшық еттерінің парезі, сіңір рефлекстерінің асимметриясы түрінде білінетін жеңіл ошақтық неврологиялық симптомдар көрініс беруі мүмкін.
Ми жарақаты
Ми жарақаты, ми шайқалуына қарағанда, әр деңгейде білінетін ошақтық неврологиялық симптомдармен сипатталады.
Ми жарақатының жеңіл, орта және ауыр дәрежелері ажыратылады.
Жеңіл дәрежелі ми жарақаты – бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылатын естен тану. Ес кіргеннен кейін, жалпы милық симптомдармен бірге, брадикардия мен тахикардия, артериялық гипертензия пайда болуы мүмкін.