Орындаған: Шержанова. А бас, ми жарақаттары мен аурулары Бассүйек-ми жарақаты



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі0,81 Mb.
#116583
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Бас ми хирургия Шержанова

Жеңіл дәрежесі

  • Ошақтық неврологиялық симптомдар әдетте өрескел болмайды ( жеңіл анизокрия, клоникалық нистагм, пирамидтық кемшілік белгілері, менингеалдық симптомдар), жарақаттанудан 2-3 апта өткенде байқалмайтын болады.
  • Ликворлық қысым орта дәрежеде жоғарылаған. Бас күмбезі сүйектерінің сынуы мен тор қабық астына қан құйылуы ықтимал.
  • КТ-да ми ісінуіне тән ми заттары тығыздығы азайған аймақ анықталады. Ми ісінуі бір жерде ғана болып қоймай, мидың бір бөлігін, тіпті жарты шарын тегіс қамтуы мүмкін.

Орташа дәрежелі

  • Зақымдану кезінде естен тану мерзімінің ұзақтығы (бірнеше сағатқа дейін), психикалық бұзылымдармен қабаттасатын ретро- және антеградтық амнезия, қайта құсу, бас ауруы байқалады.
  • Ми зақымдануының ошақтық симптомдарымен бірге бір немесе екі жақты пирамидтық жетімсіздік және менингеалдық симптомдар пайда болады. Мұндайда бас күмбезі мен оның астындағы сүйектер сынуы және тор қабық астына қан құйылуы мүмкін.

    КТ-да анықталатын ошақтық өзгерістер жоғары тығыздықты ұсақ қосындылар немесе төменгі тығыздық байқалатын тұста тығыздықтың гомогендік жоғарылауымен сипатталады.

Ауыр дәрежесі

  • Ауыр дәрежелі бас сүйек ми жарақаттары естен танудың ұзақтығымен (бірнеше сағаттан тәулік, күн, ай және одан да әрі) созылады, бас сүйек ми жарты шарлары зақымдануын, ошақтық симптомдар пайда болуымен ерекшеленеді.
  • Мидың астыңғы бөліктері, маңдай мен самай бөліктері зақымданған жағдайда мінез-құлық өзгерістері, бас пен көздің бірдей бұрылуы, сөйлеу бұзылуы, клоникалық құрысу ұстамалары байқалады.

    Қыртыс асты құрылымдар зақымдануы гиперкинез, гипотимия, бұлшық ет тонусының экстрапирамидтік типте жоғарылауы түрінде білінеді.

Патологиялық үрдіс диэнцефалдық аймақты қамтығанда, артериялық қысым көтеріліп, тахикардия, гипертермия, тыныс алу жиілігі(30-40 рет минутына) пайда болады. Ми бағанының зақымдануы жұтыну мен дем алу бұзылыстарымен қабаттасады.

  • Патологиялық үрдіс диэнцефалдық аймақты қамтығанда, артериялық қысым көтеріліп, тахикардия, гипертермия, тыныс алу жиілігі(30-40 рет минутына) пайда болады. Ми бағанының зақымдануы жұтыну мен дем алу бұзылыстарымен қабаттасады.
  • Жалпы милық және ошақтық симптомдар тұрақты болып, баяу үдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет