Талдамалық бөлім аудиторлық фирманың экономикалық субъект бойынша және жалпы тексеріс нәтижелері туралы есеп беруі болып табылады және мыналарды қамтиды.
«Аудиторлық фирма есеп беруі» деген бөлім атауы;
талдамалық бөлім кімге арналған;
ұйым атауы;
аудит объектісі;
экономикалық субъектіде ішкі бақылау жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жағдайын тексерудің жалпы нәтижелері;
қаржылық-шаруашылық операцияларды жүзеге асыру барысында заңнаманың орындалуын тексерудің жалпы нәтижелері.
Аудиторлық есеп берудің талдамалық бөлімі аудит бағдарламасында белгіленген сұрақтарға сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысындағы оң және теріс жақтары көрсетілген тексеріс нәтижелерін кезекті мазмұндау болып табылады:
өнім, жұмыс, қызметтер өндіру және өткізу;
негізгі құралдарды пайдалану және сақтау,
еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу, еңбек ақы қорларын пайдалану;
ТМҚ-дың нақты бар болуы, сақталуы, пайдаланылуы;
кассалық, банктік, есеп айырысу операциялары;
өнім өндірісіне және өзіндік құнына шығындар;
кірістер, шығыстар, резервтер және қаржылық жағдай;
бухгалтерлік есептің, есеп берудің және ішкі шаруашылық бақылау жағдайы.
Қорытынды бөлім - аудит нәтижелері бойынша қалыптасқан аудиторлық фирманың қаржылық есеп берудің сенімділігі жайлы пікірі және ол мыналарды қатиды:
«Аудиторлық фирма қорытындысы» атауы;
қорытынды бөлім кімге арналған;
аудит объектісі;
қаржылық есеп беру сәйкес болуы тиіс нормативтік актіге нұсқау;
экономикалық субъектінің және аудиторлық фирманың арасында қаржылық есептіліктер сенімділігіне деген жауапкершіліктің бөлінуі;
аудиттің жүргізілуі негізделетін нормативтік акт;
аудиторлық қорытындының сөзсіз оңнан өзге нысанда құрылуына әкелген маңызды жағдайлардың мазмұндалуы және мүмкін болса олардың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруіне әсерінің құндық өлшемде бағалануы;
аудиторлық фирманың экономикалық субъектінің қаржылық есеп беруінің сенімділігі туралы пікірі;
аудиторлық қорытынды күні, оған қоса қорытынды ұйымның қаржылық есептілігіне қол қойылған күнінен бұрын аяқтала алмайды.
Аудиторлық есеп берудің әр бетіне тексерісті жүргізген аудитор қолын қояды және оны дербес мөрімен бекітеді. Аудиторлық есеп беру бухгалтерлік есептілікпен бірге тігіліп, экономикалық субъектінің атқарушы дирекциясына және акционерлеріне (қатысушыларына) тапсырылады.
Сыртқы мүдделі тұлғаларға (салықтық қызметтерге, несиелік ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына балансты басылымға шығарған жағдайда және т.б.) бухгалтерлік есептіліктің сенімділік дәрежесін қамтитын аудиторлық қорытындының қорытынды бөлімі ғана беріліп, қаржылық есептіліктерін, оның ішінде баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қорытындыға қосымша ретінде келтіріледі (егер оларға алдыңғы бөлімдерде сілтемелер бар болса).
Аудиторлық фирма аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен кейін, бірақ қаржылық есептілікті беру күніне дейін болған оқиғаларға жауапты болмайды. Егер аудиторлық қорытындыға қол қойылған күннен есептілікті беру күніне дейінгі кезеңде болған және есептіліктің сенімділігіне әсер ететің оқиғалар туралы мәлім болса, олар субъектіден сәйкес өзгертулерді енгізуді талап етуге міндетті.
Аудиторлық ұйым қаржылық есептілікті беру күнінен кейінгі оқиғаларға жауапты болып табылмайды. Ол клиенттен есептілікке қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етуге міндетті емес. Аудиторлық фирма экономикалық субъектіге аудиторлық қорытындыны кемінде екі нысанда ұсынуы тиіс. Әр дана оған қосымша қаржылық есептілік нысанымен қатар біртұтас болып табылатын және тігілуі керек.
2. Аудиторлық қорытынды түрлері
Аудиторлық қорытынды ұйымның қаржылық есептілігінің сенімділігі мен шынайылығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиторлық қорытындының 4 нысаны бар:
1. Оң;
2. Шартты-оң, яғни белгілі бір ескертулері (шектеулері) бар;
3. Теріс - аудитор қаржылық есептіліктің сенімділігін толығымен рас-тай алмаса;
4. Қорытынды беруден бас тарту.