Қорытынды Қорыта айтқанда ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш зиялыларының барлығы дерлік осы тақырыбына сәйкес — бірінші болып тарих жазудың методологиясын, тарихи тұлғалар, Ұлы Дала елінің дәстүрлі құқығының ерекшелігі және бүгінгі күні өзінің концептуалдық мәнін жоймаған билік және сайлау мәселелері туралы еңбектер жазып қалдырған. ХХ ғасыр басында қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірді толықтыратын тарихи еңбектер жазған. Олардың ар-ождан, моральдық қасиеттерді санаға сіңіріп, жеке адамды қалыптастыру арқылы мемлекетті нығайту, оны өркениетті деңгейге көтеру идеяларының мазмұны мен мағынасы бүгін де өзекті мәселе. Осы күрделі аумақтық Қайшылықтар қазақ зиялыларының өкілдерінен байырғы халықтың мүдделерін қорғауда үлкен батылдық пен қайсарлықты талап етті. Ұлттық-мемлекеттік құрылымның көптеген мәселелері бойынша келіспеушіліктерге ие бола отырып, олар аумақтық мәселеде бірауызды болды және бұл берік бірлік тәуелсіз республиканың қалыптасуының негізгі катализаторына айналды. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, Ленин бастапқыда оған қарсы болды. Алайда, ол 1920 жылы қазақтың аумақтық мәселесін шешу үшін Халық депутаттары Кеңесінің арнайы отырысын шақырды. Барлық тараптарды тыңдап, ол даулы дала аудандарын Батыс пен шығысқа бөлмеуге және бұл жерлерді жаңадан құрылған Қазақ автономиялық республикасына толығымен беруге бұйрық берді. Сол жылы Ленин Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес барлық даулы аумақтар Қазақ автономиясының құрамына кірді. Бірақ аумақтық даулар мұнымен аяқталған жоқ. Бірнеше рет Сібір комитеті даулы жерлерді бөлуге айтарлықтай күш салды. Қазақ зиялылары большевиктік биліктермен ашық тайталасқа түсіп, қазақ аумағының әрбір бөлшегін қорғады.
Қорытыдыға келетін болсам, отаршылдық елдің ішінде басым болды. Осындай жағдайда осы отаршылдықты азат қылу біздің қазақ зиялыларымыздың мақсаты болды; Өркениетке басқа елдер сияқты ену бұл қазақ мемелекеті үшін ерекше саналды; Экономикамызды азат қылу, табиғи ресурстарымыз сақтап қалу бұл біздің мемлекеттің ең аса құнды шарттардың міндеті болғанын ұмытпауымыз керек.
Тарих ғылымында қалыптасқан жаңа қағидаттар мен мақсаттар қолданыстағы әдебиеттерді жан-жақты талдауда жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Осы негізде Қазақстан тарихын әдіснамалық зерттеумен айналысатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Х. Әбжанов мынадай қорытындыға келеді: "қозғалыстың үш маңызды ерекшелігі бар: біріншіден, қозғалысқа жалпы ұлттық идея тән болуға тиіс; екіншіден, қозғалыстың алдына қойылған негізгі мақсат мемлекеттік билік мәселесіне негізделуі тиіс; үшіншіден, қозғалысты саяси пайымы, рухани кемелденуі, дипломатиясы мен харизмасы бар ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдері басқаруға тиіс" Ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасындағы мұндай тұжырымды шетелдік зерттеушілер де қолдайды. Қазіргі заманғы қазақстандық тарихнама, өз кезегінде, саясатта ұлттық тарихтағы "соқыр дақтарды" айқындап берді; ол өткеннің ауыртпалығынан құтылып қана қойған жоқ, бірақ ол посткеңестік жаңа контексттің ықпалына түсті.
Қазіргі заманғы қазақстандық тарихнама, өз кезегінде, саясатта ұлттық тарихтағы "соқыр дақтарды" айқындап берді; ол өткеннің ауыртпалығынан құтылып қана қоймай, сонымен қатар өзінің егемендік мәртебесін легитимдеу міндеті жүктелген жаңа посткеңестік контексттің ықпалына түсті. Бұдан басқа, қазіргі зерттеулерде сипатталып отырған әлеуметтік өзгерістердің тетіктері мен мән-жайлары жоқ, сондай-ақ Алаш ұлт-азаттық қозғалысы тарихының, оның қазақтар тағдырындағы басты маңыздылығына қарамастан, сындарлы және дәйекті тұжырымдамасының өткір жетіспеушілігі байқалады. Біздің ойымызша, қазақстандық қоғамның қарсыласу әдістерін және оның салдарын талдау арқылы күш саясатының себептерін және мемлекет пен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың басталуын ашу қажет.
Бағдарламада қоғамның ішіндегі қазақ мемлекетінің принциптері аса маңызды рөл атқармауға жөн көрді, ең бастысы ұлттық біріңғай болды яғни, мемлекетті сақтап қалу. Алаш зиялылары қазақ мемлекетінде білім болу болу керек деп айтты және бұл біздің жеріміз, біз осы жерде болашақ белсенді қараумыз үшін, қазақ балалары жоғарғы училищелерде, мектеп гимназиялырында оқу керек деп жөн көрді. Өлкедегі мал шаруашылығы мен көшпенді қоныс процестерінің , құқық, бостандық және бейбітшілік, кедейлікті жою Алаш партиясы ақырындап өзінің ережелін орната бастады, бірақ көптеген қазақ жазушылары, танымал қазақ ақындары біз үшін қаза болды. Тарихи маңыыздылық осында деп білемін және осыдан кейін Алаш партиясы, ерекше және құнды партия екенін ешқашанда ұмытпауымыз керек санаймын.Отандық тарихтың ұлттық тарихнамасын жазу барысында, өз заманында Алаш зиялылары көтерген: рухани байлық: тіл, жер, ар-ождан, жайлы еңбектерді жинақтап, талдап, отандық тарихтың тарихнамасындағы маңыздылығын жан-жақты зерттеп, бүгінгі күн тұрғысынан объективті баға беріп, ғылыми айналысқа енгізу, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихшыларының алдында тұрған міндеттердің бірі.