Орындаған студент: Жайманова Ж. Е тексерген: т.ғ. к., доцент Боранбаева Б. С орал, 2022 ж Мазмұны Кіріспе І тарау Алаш қозғалысының тарихи маңызы; алаш идеясы



бет1/4
Дата07.02.2023
өлшемі56,72 Kb.
#65753
  1   2   3   4
Байланысты:
Алаш козгалысы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тарих және экономика, құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы

Тақырыбы:
Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы тарихының тарихнамасы


Орындаған студент: Жайманова Ж.Е
Тексерген: т.ғ.к., доцент Боранбаева Б.С

Орал, 2022 ж

Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................4-5
І тарау Алаш қозғалысының тарихи маңызы; алаш идеясы
1.1 Алаш қозғалысының құрылуы мен алаш зиялылардың қызметі ...........6-7
1.2 Алаш қозғалысы: тұтастығы мен қатысушылары .............................. 8-11


1.3 Алаш қозғалысы туралы деректер мен ұлттық басылымдағы
мақалалары ........................................12- 18


Қорытынды.................................................................................................... 19-20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................21

Кіріспе
Бүгінгі таңда қоғамымыздың тарихи санасын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Өз еліміздің тарихын тану арқылы ғана өткен ғасырдың соңында қол жеткізген тәуелсіздігіміздің қадіріне жете аламыз. Қазақ халқының тарихына үңіліп қарасақ, еліміздің азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күресі ешқашан толастамағанын аңғарамыз. Осынау жүздеген жылдарға созылған күрес жолында ХІХ мен ХХ ғасыр тоғысындағы зиялылардың алатын орны ерекше. ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен әрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан-жақты алыптарды дүниеге келтірген заман болды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары — бүгінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Олар біз үшін халық алдындағы адалдықтың, рухани кемелдіктің, ұлтжандылықтың үлгісі іспетті. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақcат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да — солар болды. Кеңестік кезеңде Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға «ұлтшыл» деген жалған айдарлар тағылды. Кеңестік идеология қазақ халқының дарынды тұлғаларының бостандық пен ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай атқарған еңбектерін біржақты бағалап, қажетсіз деп тапты. Тәуелсіздікке қол жеткен қазақ еліне есімдері тарихта беймәлім болып келген алаш азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімі оянып, рухани өмірдің өзгеруіне әсер етті. Міне, сондықтанда Алаш зиялыларының тарихи мұрасының мәнін зерттеу, насихаттау, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзекті мәселе болып табылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялыларының еңбектерінде көтерген негізгі мәселелерінің қазіргі кездеде маңыздылығын талдап, тарихи сабақтастығын көрсету мақсатында осы мақала жазылды. Мақалада ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының еңбектерін Отандық тарихтың тарихнамасындағы тұжырымдамалық мәнін қарастырып, еңбектерге талдау жасалған және олардың методологиялық мәні туралы баяндалғанТарихымыздың отандық тарихнамасының қалыптасуы мен дамуын зерттеу барысында қазақ зиялыларының еңбектерін шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастыруды жөн көрдік. Әрине, бұл пікір-талас тудыратыны сөзсіз. Солай болғанмен де, біздің пікірімізше, ұлттық тарихты зерделеу барысында Қазақстанның Ресей құрамында — отарлық жағдай кезеңінде жазылған қазақ зиялыларының тарихи мұраларына ерекше көңіл аудару қажет. Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейінгі (1917–1940 жж.) жылдар аралығында тарихтың зерттелуі қазақ зиялыларын да толғандырғаны дау тудырмайтыны анық.
Жобаның мақсаты ұлттық тарихнамадағы қазақ зиялыларының рөлін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделді. Қазақ зиялыларының тарихи мұраларындағы мемлекет, жер, ұлт-азаттық күрес және тәуелсіздік мәселелеріне арналған еңбектерін талдау.
Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі тарихын зерттеуде 1920–1930 жж. кеңестік мерзімді басылым беттеріндегі әртүрлі мазмұндағы арнайы ресми тапсырыспен жазылған мақалаларды оқудан басталады.
ХХ ғ. 40-ж. бастап Алаш зиялылары саяси қуғындалып, атылып кеткеннен кейін кеңестік тарихнамада Алаш зиялылры туралы айтылуға тиым салынды.
Қазақ зиялыларының XX ғасырдың басында қоғамдық-саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең өткен ғасырдың 80-жылдарының соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру үдерісі, соған байланысты Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанынан тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін құрылған комиссияның шешімдері болды. Осы кезеңнен бастап қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі «дөңгелек столдардың» такырыбына айнала бастайды. «Қазақстан коммунисі» журналы мен «Социалистік Қазақстан» газеті Алаш қозғалысына арналған мақалалар топтамасын жариялайды. Түрлі басылымдарда Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қоғамдық қызметі мен саяси көзқарасын талдауға арналған мақалалар жарық көреді.
1990 жылдарының аяғына қарай Алаш зиялылары туралы әртүрлі зерттеулер, мақалалар шыға бастады. Мысалы: В.П. Осиповтың «Всматриваясь в 20–30 годы» деген 1991 жылы шыққан еңбегінде Қазақстан Компартиясының ұйымдық-саяси даму тарихына арналады. Ол өз еңбегінде Қазақстандағы Алаш қозғалысын буржуазиялық, ұлтшылдар, ұлтшыл уклонистер деген айыптауды жалғастырып, Алаш қозғалысының тарихына объективтік баға бере алмаған. Қазақстандағы тарих ғылымының зерттелуіне арналған И.М. Қозыбаевтың 1992 жылы шыққан «Историческая наука Казахстана» деген тарихнамалық еңбегіне ХХ ғ. 40–80 жж. арасындағы тарих ғылымының зерттелу мәселесі жан-жақты берілген.
Алаш қозғалысының тарихын зерттеудің жаңа кезеңі шартты түрде 1995 жылдан басталады деуге болады. Себебі осы жылы, Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай ұлттық тарихқа объективтік баға беріп, тарихи зерттеулер жазу үрдісі басталды.
Алаш қозғалысының ұлттық тарихтағы орнын зерттеудің методологиялық негіздемесі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегін айтуға болады. Еңбектің «Алаш мұрасы және осы заман» деп аталған тарауында «... Жиырмасыншы ғасырдың тарихына зер салатын болсақ, оның алғашқы отыз жылында-ақ қазақ зиялыларының аса көрнекті қайраткерлерінің тұлға танытып үлгергенін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет