Орындаған: Тақаева Аяужан Топ: ҚтӘ-201 Тексерген



бет1/2
Дата29.03.2023
өлшемі18,71 Kb.
#77081
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


ОСӨЖ №15
Тақырыбы: Этимология саласы бойынша ғалымдардың еңбегіне шолу

Орындаған: Тақаева Аяужан
Топ: ҚтӘ-201
Тексерген: Ташпенова Қ.

Ақтөбе қаласы, 2022жылы


Түркі этимологиясының да лингвистиканың басқа салалары сияқты өзіндік əдістері мен қағидалары бар. Этимологиялық зерттеу нысанының ішкі даму заңдылығымен сабақтас əртүрлі үрдістер, əдістер, қағидалар, критерийлер мен тəсілдер анықталды. Этимологиялық зерттеулердің нақты нысаны мен мақсатына сəйкес көрсетілген əдістер мен мақсатына сəйкес көрсетілген əдістер түрленіп, біріктіріліп, кейде жіктеліп таңдалады. Оларды атап айтсақ: салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-салғастырмалы (типологиялық) əдістері, ішкі жəне сыртқы реконструкция, талдау, сатылы идентификация əдістері; құрылымдық жəне дистрибутивті əдістер; компоненттік талдау, морфемалық мүшелеу жəне сипаттамалы əдістер, семантикалық талдау əдісі; жоққа шығару жəне қарама-қарсы қою əдісі жəне фонетикалық, морфологиялық, семантикалық критерийлер, т.б. 6 Егоров В.Г. Этимологический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964; Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. А.1966; Ахметьянов Р.Г. Краткий историко-этимологический словарь татарского языка (на татарском языке) Казань, 2001. 14 Əрине, көрсетілген əдістердің жағымды да жағымсыз сəттері зерттеу барысында байқалады. Себебі О.Н.Трубачев атап көрсеткендей, «кез келген өнімді əдістің өзі əрдайым тиімді бола бермейді»7 . Дегенмен түркі тілдерін зерттеу тəжірибесінде əбден сыналған салыстырмалы-тарихи əдіс этимологиялық ізденістердің басты талабына жауап беріп, түрколог-компаративистің қолында тарихи шындықты диахрондық материал арқылы танытуда, тілдік фактілерді байырғы күйінде жаңғыртушы əдіс ретінде ешқандай шектеусіз пайланыла алады. Өзінің əмбебаптық сипатына сəйкес салыстырмалы-тарихи əдістің бойынан басқа да түрлі əдістер мен зерттеу тəсілдері табылады. Мысалы, екі, я одан да көп буынды құрылымдардың морфемалық мүшеленуі түркі тілдерінің салыстырмалы зерттеудің нəтижелеріне сүйенуді қажет етеді8 . Бұл əдістің артықшылығы этимолог-зерттеушіге тіл дамуының нəтижесіндегі күрделі құбылыстарды түсінуге, олардың бейнесінің туыс тілдердегі көріністерін, жалғамалылық сипатына сай жəне өзіндік тарихи ерекшеліктеріне сай құрылымдық-семантикалық күрделенуін анықтауға көмектеседі. Осының барлығы тілдегі тарихи құбылыстарды терең түсіндіруде, түркі тілдерінің салыстырылуы нəтижесінде іске асады. Барлық этимологиялық мектептер мен бағыттар этимологизация барысында этимологиялық нысанның өлшемдерінің қажеттілігін мойындайды. Бұл параметрлерді этимологиялық реконструкцияның үш аспектісі (фонетикалық, морфологиялық, семантикалық) немесе зерттеудің критерийлері деп те атайды.
Бұл критерийлермен қатар этимологияда мəдени аспекті яғни тарихи қағида да ескерілуі қажет. Критерийлер бір-бірімен тығыз байланыста болады жəне этимологиялық міндеттерді шешуде олардың əрқайсысы есепке алынуы тиіс. Кез келген этимологияның толықтығы мен тұтастығы осы арқылы анықталады. Мысалы, фонетикалық критерийлердің мəніне морфологиялық критерийлер де еніп, екеуі қосылып, кез келген лексикалық бірліктен фономорфологиялық құрылымын анықтайды. Сол сияқты семантикалық критерий де алдыңғы екеуімен ұштасады.. Ал, этимологияның фонетикалық критерийі белгілі бір тілдің, ия тілдік семьяның болмысына тəн барлық фонетикалық заңдылықтарды ескеріп отырады. Түркі тілдерінде мұндай заңдылықтардың 30 түрлі түрі бар: сингармонизм (дауыстылардың лабиалды жəне палаталды үндестігі), дауыссыздардың ассимиляциясы, дыбыстардың өзгерісі (дыбыс алмасуы мен дыбыс сəйкестігі), дыбыстардың түсіп қалуы мен редукция құбылысы, дыбыстардың ұзаруы мен кірігуі, геминация жəне созылыңқы дыбыстардың жасалуы, метатеза, апакопа жəне элизия, протеза, эпитеза, эпентеза, парагота, флексия, фузия, дауыстының шағылысуы жəне ашық буын, гиперагглютинация, гаплология, вокализация, дифтонгизация, фонетикалық деформация т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет