Липидтер (грек.: λίπος, lípos — майлар)- жоғары май қышқылдары мен глицериннің күрделі эфирлері. Жасушаның 5-15 %, ал май ұлпалары жасушаларының 90% дейін құрайды. Липидтер гидрофобтық немесе гидрофильді-гидрофобтық қасиетке ие, яғни суда ерімейді немесе өте нашар ериді. Липидтер қарапайым биологиялық молекулаларға жатады.
Сабындалмайтын липидтер – терпендер, стероидтар.
Күрделі липидтер
Липидтердің түрлері
Сабындалатын липидтер
Сабындалмайтын липидтер
Қарапайым липидтердің молекулалары спирттерден және май қышқылдарынан тұрады , күрделі липидтердің молекулалары спирттен және жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады. Сондай-ақ, кейде фосфор қышқылы қалдықтары мен көміртегі, азот негіздерінің қалдықтарынан тұрады.
Липидтердің құрылысының әр түрлі болуы биосинтез процесіне тікелей тәуелді.
Липидтер суда аз ериді немесе мүлде ерімейді, метанол, ацетон, хлороформ және бензол сияқты органикалық заттарда жақсы ериді. Суда жақсы ерімеуінің себебі липид молекуласындағы атомдардың электрон қабатындағы мөлшерінің жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Липидтер зат алмасу кезіндегі түзілетін судың (Метаболическая вода син. эндогенная вода) қайнар көзі болып табылады. Мысалыға, 100 гр. май тотыққанда 105 гр. су түзіледі. Бұл шөлді аймақтарды мекендейтін тіршілік иелері үшін маңызды. Түйенің өркештеріндегі майлары дәл осы мақсатқа пайдаланылады. Түйе сусыз 10-12 күн бойы шыдайды.