Орындаған: Танатов М
Группа ФК-109
БӨЖ №1
Тақырып №1. Аталған курс бойынша мақалаға талдау жасау
Мақсаты: Мақалаға талдау жасай білу. Негізгі және қосымша
әдебиеттерді пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасай алу
іскерлігін дамыту.
Негізгі сұрақтар: Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша
бір мақалаға талдау жасай білу.
Тапсырма: мақалаға талдау жасау
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған
мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның,
отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын
инклюзивті білім беру. Мемлекетіміз ерекше қажеттілігі бар жандарды
әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту,
жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу,
оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Инклюзивті білім беру идеяларын алға жылжыту қоғам өміріне
ізгіліктілік идеяларын енгізіп, балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқытудың жаңа бағытын өңдеуге
талпынады. Енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Олар бір-бірімен
қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.Өз
мектебімізде ерекше дамуы бар оқушыларға инклюзивті білім
беріледі,ең басты жолы ақпараттық технологияларды қолданамыз. Бұл
білім алушының жан-жақты дамуына әсері зор.Мектебімізде заманауи
үлгіде жарақтандырылған компьютерлер, мобильді сынып, сандық -
Достарыңызбен бөлісу: |