Қорытынды Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқуға болады:
1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағаналарын аша кетеді.
2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіріп, өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.
3. Мысалдың мазмұны талданылады.
4. Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіре отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленеді.
5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.
6. Рольге бөліп оқытылады.
Бұл көрсетілгендер өзгеріссіз осы күйінде үнемі сақталып отырылсын деген ой тумасқа тиіс. Өйткені мысалдың мазмұны мен сипатына қарай, бұл айтылғандардың кейде қысқартылуы немесе толықтырылып отырылуы да мүмкін. Дегенмен мысал оқытуда негізінен осы принципті ұстаған жөн.
Ал, ертегіге келер болсақ:
Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Ертегілердегі көркем бейнелі сөздердің, сондай-ақ оқушыға түсінуге қажет болатын сөздер мен тіркестердің кездесетіні мұғалім әр кез көңіл аударуы тиіс. Сөз мағыналарын ашып, анықтап түсіндіруде түрлі тәсіл қолдануға болады.
а) сипаттама түрде түсіндіру тәсілі бойынша сөздер семантикалық табиғатына орай қысқаша, кейде толық, жан-жақты түсіндіріледі.
ә) сөз мағыналарын анықтауда қолданылатын екінші бір өнімді жол – синонимдік тәсіл.
б) аралас анықтама – сипаттама түріндегі анықтама мен синонимдік анықтаманың аралас берілуі арқылы көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Г.В.Гринцевич, аудар. Ж.Т. Мұқанова, Ж.К.Нуртазина. Бүлдіршіндермен қызықты әңгімелер. Оқу-әдістемелік құрал.Көкшетау, 2019.
2. Бастауыш сыныптарда тіл дамыту әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019.
3. Д.Х. Кушмурзина., К.Б.Шинбулатова. Әдебиеттік оқу әдістемесі: 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығыныңстуденттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қостанай: ҚМПУ, 2018.
4. Н.Мәтбек.Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері. Алматы, 2020