Төтенше жағдай туралы дабылды көрінген адам бере алмайды. Дабыл жоғарыдан келген хабарға сүйеніп, немесе өздерінің анықтауларына сүйеніп, облыс орталығында әкімшілікпен келісіліп төтенше жағдай басқармасының төрағасының келісімімен азаматтық қорғаныс штабы ғана бере алады. Дабылды берудің әртүрлі тәсілі бар. Оларды теледидар, радиолардың көмегімен беру, электр дыбыс беру құралдарымен (сирена), ірі кәсіпорындардың дыбыс беру жүйесінің (гудок) көмегімен беру, ракетницалардың, дыбыс шығаратын заттарды соғу арқылы беруге болады. Теледидар, радио жүйесінен дабыл берілгенде, дабыл мына ескертулерді үш рет қайталаудан басталады, яғни «Тыңдаңыздар барлығыңызға» -деп одан кейін төтенше жағдай түрі және болуы ықтимал жағдайлар туралы айтылып халық ескертіледі.

Әpi қарай халық не істеуі керектігі, өздерін қалай ұстаулары т.б. айтылады. Бұл дабыл бейбіт өмір кезінде беріледі. «Төтенше жағдай» кезінде берілетін бірден-бір дабыл болып есептеледі.
Негізінен халықтарды, кәсіпорын жұмысшыларын «төтенше жағдай» әсерлерінен қорғау, тұратын орындары мен жұмыс істейтін кәсіпорындар орналасқан жерлерде қорғау принципінде жүргізілуі тиіс.