Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СОӨЖ Аристотель, Гегель, Белинский поэзияның тектері мен түрлері туралы айтқан ойларын талдау, кесте түрінде көрсету
Орындаған: Тұрдыбек Асылай (209-топ)
Қабылдаған:Асқарова Гауһар
Алматы, 2023
Ғалымдар
Пікірлері
Менің талдауым
1.Аристотель
«Әдебиет нақты өмір шындығының сәулесі, әдебиеттің басты мәселесі-адам және өмірді таныту, тәлім-тәрбие берудің негізгі нысанасы»
« Поэзияның басты объектісі – адам өмірі. Адамды бейнелеудің үш түрі бар, өткенде қандай болды, қазір қандай, болашақта қандай болмақ немесе болуы керек».
«Поэзияның үш тегі: эпос, лирика, драма».
«Трагедия алты бөліктен болуы міндетті, сонда ғана ол белгілі бір трагедияға тән сипатқа ие болады. Ол бөліктер: фабула, характерлер, ақылға сыйымдылық, сахналық көрініс, ауызекі сөйлесу және музыкалық композиция» Трагедияның төрт түрі бар: шиеленіске құрылған трагедия, азапнама трагедия, характерлер трагедиясы, ғажайыптық трагедия».
Ғалым ең алғашқы поэзияның өзіне тән ерекшеліктерін атап көрсетеді. Басқа ғалымдар сияқты поэзияны да жоғарғы орынға қояды және үш тегін қарастырған. Соның ішінде әдеби жанрлар ішінен трагедияны алға шығарады, айтуынша трагедия эпос тәрізді әрекетті баяндамайды, көрсетеді. Сондықтан трагедия әсері мен қуаты жағынан эпостан артық болады деген
2.Белинский
«Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан да өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар. Ол әр өнердегі жеке-жеке тәсілдердің бәрін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Және поэзияны Белинский эпикалық, лирикалық, драмалық поэзия деп үшке бөлуге болады».
Ғалым поэзияны көркем әдебиеттің барлық түрінен де жоғар санайды.
Адамның ой-қиялынан шыққан көркем сөздердің барлығы да осы поэзияға жатады деген ой түйеді.
3. Гегель
«Поэзия өз ішіне барлық өнер түрін жинақтаған керемет өнердің бір түрі. Поэзия тектерін екі түрге бөліп қарастыруға болады: объективті және субъективті. Яғни, эпос пен драма поэзияға-объективті, ал лирика-субъективтік дүние».
Автордың айтуы бойынша, көркем әдебиетте поэзия өте ертеден бері қалыптасып, тереңнен келе жатқан ең молы, бағалысы болып табылады. Басқа ғалымдар сияқты, ол да поэзия тектерін эпос, драма, лирика деп бөле отырып, әрқайсысына өзіндік анықтамаларын берген.