Тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Педагогикалық моделдеудің қағидалары – сынып жетекші іс-әрекетінің негізі.
Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрлымы мен мазмұны.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педогогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.
Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді
Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұны мен көлемін қайта қалпына келтіру
жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;
әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығы, оның объектісі және субъектісі кім болатынын
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
Өмірмен тығыз байланыстылығы.
Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
Жоспардың нақтылығы.
Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
Сынып оқушыларының қызығушылығын, қажеттілігін, икемділігін, басқа жеке ерекшеліктерін зерттеу
Сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін, бір-бірімен қалыптасқан өзара қарым-қатынас жағдайын анықтау
Сыныптың жалпы тіршілігіне қатысы бар ата-аналардың, басқа да адамдардың тәрбиелеу мүмкіндіктерін анықтау
Тәрбие жұмысының әсерін, тиімділігін анықтау
Сынып ішіндегі күнделікті әрекетті, тіршілікті оқушыларға жағымды етіп ұйымдастыру арқылы сынып бейнесін қалыптастыру
Мектептің тәрбие кеңістігінде сыныптың орнын анықтау
Сынып ұжымының дамуында қоршаған ортаның жағымды әсер ету мүмкіндіктерін
анықтау
Сауалнама, танымдық-дамыту ойындары, қоғамдық белсенділігін, шараларға қатысу себебін зерттеу әдісмемесі, қызығушылығы мен әуестігінің картасын құру
Танысу, өзінің қабілетін, мүмкіндігін ашуға бағытталған сынып сағаттары
Социометрия әдісі арқылы сынып белсенділері мен қамтылмай қалған оқушыларды жалпы сыныптың ұжым ретінде қалыптасу деңгейін анықтау
Сыныптың шығармашылық бірлескен әрекеттері (мерекелер, қойылым дайындау т.б.)
Тест, сауалнама арқылы оқушылар мен ата-аналардың сыныптың тәрбие жұмысымен, жалпы тіршілігімен қанағаттану деңгейін анықтау
Оқушыларды ұйымдастыру, әрекетке баулу ойындары. Ұжымдық-шығармашылық шаралар
Тәрбиеші тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі қажет?
тәрбиеленушілердің жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын, мектептің педагогтар ұжымының мүмкіндігін ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
1
2
3
4
5
тәрбиеленуші мен сынып ұжымын, сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс.
тәрбиеленушілерді жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.
алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.
барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т.б. қажеттігін анықтау
Тәрбиеші тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегідей ұстанымдар жиынтығын ескеруі қажет:
2
3
4
5
6
1
Мақсат.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері
Сынып ұжымының қызығушылықтары
Жоспарланатын істің жүйелігі.
Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану
Жоспарлаудың шығармашылық сипаты
Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады
Сынып оқушыларына мінездеме.
Тәрбиелік міндеттер.
Саяси мәдениетін қалыптастыру.
Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке,тәрбиелеу.
Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу.
Халықтық салт дәстүр негізінде тәрбиелеу.
Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.
Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеру қажет:
Тәрбиешінің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес
1.Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру
3. Тәрбиеленушілердің бойында саламатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, саламатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, ем шара қабылдау, түзету жаттығулары, таза ауада болып, қимыл қозғалыс ойындарын ойнау