Орындаған: Тулеуова С. Топ: дбот 21-02


Ұлттық психология этнопсихологияның феномен ретінде



бет5/5
Дата02.12.2023
өлшемі24,56 Kb.
#131944
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ 1

Ұлттық психология этнопсихологияның феномен ретінде
Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері
Бұл мақалада қысқаша болса да, қазақ халқының ұлттық мінез-құлқын (психологиясын), алдымен Ресейдің отарлау саясаты, одан кейін Кеңес үкіметі кезіндегі жалғасын тауып қалай өзгертіп отырғанын талдай келе, сол құрсаудағы психология бұғауынан шығып ұлттық психологияны сақтап қалу мақсатында ой өрбіткенді жөн көрдік,
Қазақтың көне тарихына зейін қойып қараңыз, қазақ халқы ежелден парасатты, зерек, жан-жақты дамыған, өмірге тез бейімделетін, жасы үлкенді (бір жас үлкен болса да) «Ит көйлекті бұрын тоздырған» деп оны аға тұтып сыйлаған, ынтымағы жарасқан ел болғанын білесіз.
Сондықтанда шығар, сонша кең байтақ жер суды иеленіп отырған қазақ елінің арасында бірде-бір түрме салмаған, есігінде құлып болмаған екен. Бұл жағдайды терең зерттеген патшалық Ресей, қазақ халқын рухани аздырып, мәңгілік бұғауда ұстау үшін халықтың ұлттық қасиетін сақтайтын мінез-құлқынан ажыратуды жоспарлы түрде, кешенді зымиандық саясатпен жүргізіп отырған. Ол Кеңес үкіметі кезінде де тоқталмаған.
Біріншіден, қазақ халқы ұлт дәрежесіне көтерілмес үшін, оларды зердесіздікке ұрындыру мақсатында қазақтың оқуы болмаған, білімсіз, дарынсыз, өнерсіз көшпенді жұрт деген үгітті үздіксіз жүргізді. Оны жүзеге асыру үшін, қазақтар қолданып келген көне араб әліпбиін әуелі латын графикасына көшіріп, одан кейін кириллицамен ауыстырды. Нәтижеде сан ғасырлық тарихымыздан, ұрпаққа беретін өсиетінен тәлім-тәрбиелік, өмірлік мәні зор. Көптеген ғылыми-тәжірибелік кітаптарымыздан айырылып шыға келдік.
Мұндай қорлыққа шыдай алмайтын өжет халықты әбден есеңгіретіп тастау үшін, оларды ашаршылыққа душар етіп, зиялыларын «халық жауы» қылып қырып тастағанын енді біліп отырмыз. Осылайша «жабайы», «білімсіз», «тарихы жоқ», «көшпенді, шұбырынды» болдықта қалдық емес пе?
Халықты халық етіп, ұлттық мінез-құлықты қалыптастыратын біздің ақсақалдарымызбен молдалар және халықтың ынтымағы, сөзге – мәнге тұру, мәрттік, туыстық-намыстық сезім еді. Бұндай ұлттық дәстүрлерді жою мақсатында отаршыл саясатпен – байды байға, кедейді байға, туысты туысқа азғырып жікке бөліп, айдап салып елдің берекесін қашырып отырды. Ұлттық әдет-ғұрып салт – дәстүрлерді елдің тұрмыс-тіршілігінен алыстатып қажет болған жерде қызында қазаққа берді. Өйткені анасы орыс болса бала, қыздары да сол ықпалда болатыны даусыз нәрсе. Әулеттік жақындықты білдіретін атаулармен жер су аттарына дейін өзгертуді түпкілікті мақсат етті.
«Әкені-папа», «Шешені (апаны)-мама» деп атап орыс дәстүрін елеусіз кіргіздіде, оны бір жола орнықтырды. Егер балаларымыз «әке», «шеше(апа) деп атаса, әке шешесі несі?» - деп шошитын күйге жеттік қой. Нәтижеде, үлкенді сыйлау сияқты керемет дәстүріміз жойылып, мейірімділік, имандылық тозды. Әсіресе Санжар Аспандияров ағамыз айтқандай ұлттық қасиетпен намыс өше бастады, яғни өзі қазақ бола тұрып, қазақты жек көріп менсінбейтін болып қалдық.
Халықтық ұлттық ерекшелігін аңғартатын белгілердің бірі оның бет бинесімен сыртқы келбеті екен. Оданда мақұрым ету мақсатында 1920 ж. қазақтың ұлттық киімдерін ескінің қалдығы деп кидірмеу туралы құжатта қабылданған. Сол сияқты тазалықты сақтау қажет деген сылтаумен мектепке келген қыздарын еңіретіп отырып бұрымынан шаштарын міндетті түрде қырыққан екен. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық киімдер құбыжық болып шыға келді де, аруларымыз тұлдаған аттай «жал құйрықсыз» жүдеу тартты.
Ауыл молдаларымен дін иелерін келемежге айналдыру арқылы көне оқу мен имандылықтан мақұрым болдық. Жан-жақты ойластырған осындай зымиан әрекеттер тоқтаусыз жүріп келді.
Қазақтың ұлттық бинесін мінез-құлқын сақтап, оны өз тілінде, әдет-ғұрпында тәрбиелеп баулитын ең үлкен тірек - әрбір елдің аналары (әйелдер). Зымиандық саясат – қазақ қыздарын қалай да орысша оқуға күш-жігерін жұмсап, тынымсыз үгіт насихат жүргізді. Себебі орысша оқып тәрбие алған қыз – ертеңгі ана өзінің күйеуінде, балаларында орыс рухында тәрбиелейтіні түсінікті. Оның үстіне әйелдерді от басынан суытып, уақытының көбін өз шаңырағынан сыртта өткізетін етіп жоспарлау, балалардың қараусыз қалып, тәрбие жұмысының әлсіреуіне әкеліп соқты. Бұл бағыттағы зымиандық пиғылдар (әдейі жасасада, білмей жасасада) түгелдей іске асқанына бәріміз куәміз.
Кез келген халықтық көркейіп өсуі олардың салауаттылығына тікелей қатысты. Отаршылдық саясат қазақтарға арақ ішуді үйрету арқылы оларды болашағынан айыруды көздеді. Мұндай азғындаған халықты ешқандай күш-қару жұмсамай-ақ, бұғауда ұстап отыру қиынға соқпас еді.
Бұл жоспарға өзіміздің де «жақсы көмек көрсеткендігіміз» сонша, бұл күндері той-тамашамыздың ешқайсысы да арақ-шарапсыз өтпейтін болды. Ең сорақысы сол – қазақтың сыйлы қонағына бас тартатын салты ескерілмей, оның орнына алакөз арақтың шайтан азғырған шөлмегі келіп жатады...
Халқымыз сан жағынан да, сапа жағынан да өз дәрежесіне көтеріліп, есін жинап, гүлденіп-жайқалып еркін дамуы үшін осы айтылған келеісіз мінез-құлықты емдеп, зымияндық пиғылдағы саясатқа саналы түрде тойтарыс беру - әрбір намысы бар қазақтың ұл қыздарының перзенттік парызы.
Қазақ халқы ежелден зерделі болған дедік. Қыз алыспайтын рудың қалыптасуы, яғни жеті атаға дейін қыз алыспайтын көне салттың өзі көп нәрсені пайымдатады. Демек, бұл саясаттың қалыптасып қазірге дейін сақталуы қазақтардың тұқым қуалау заңын – жалпы текнаманы (генетиканы) зерттеп, мал шарушылығында және медицина текнамасын өз тіршілік-тұрмысында пайдаланғанын көрсетеді. Сондықтан тұқым қуалау заңының оқуы – текнама (генетика) ғылымы Г. Мендельден (чек ғалымы) бұрын қазақтарда болған деп айтуға да болады.
Тарихи дерекке қарағанда қазақ халқында жалпы білім беру жүйесі болған. Өйткені қазақ баласын тоғыз жасынан ауыл молдасына беріп, сауат ашатын. Алғашқы жылы олар «Әліпби», «Әбжәд», «Әдеп» және «Әркен» дейтін төрт пәпді игерген. «Әліпби» (қазір әліппе) - әріптерді тану. «Әбжәд» (қазіргі арифметика) – есеп сабағы. Бұл пәнде төрт амалдан басқа прценттеу, жобалау, жорамалдау тәсілдері және үй шаруашылығын жүргізу үшін қажетті есептеулер үйретілген. «Әдеп» сабағында өмірдегі, тұрмыстағы негізгі ережелер, қағидалар, адамгершіліктің негіздері, сый-құрмет, қарым-қатынас, т.б. дәрістер оқылатын. Ата –ананы, үлкендерді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету қайырымдылық, шапағат, мейірімділік туралы сабақ өткізілетін. Ал «Әркен» сабағы негізінен, әсемдік өнерін қамтыған. Бұл сабақта балалардың әсемдік талғамын қалыптастырып, сырт келбетін қалай ұстауын, сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерді игеруін қадағалаған. Бұлармен қатар киім-кешек, ыдыс-аяқ, ер-тұрман секілді тұрмыстық бұйымдар мен шаруашылық құралдарының жасалу және қолданылуы үйретілген.
Келесі жылы оқудың келесі кезеңі басталады. Мұнда бірінші жылғы пәндер кеңейтіліп оқылады да, «Әбтиек» (Құранның қысқа сүрелерінің жинағы) сабағы беріледі. «Әйтиек»ті оқығанда араб тілі қоса үйретіледі. Бұдан соң «Құранға» түседі.
Оқудың үшінші көркем шығармалар, яғни әдебиет сабағы оқытылған. Сонымен қоса «Мүнәжжім» - «астрономия» ғылымы негіздерін (аспан шырақтарына қарап арасындағы сөз баланың балиғатқа тола бастағандығын ғана емес, тұрмыстық білімі бар екендігін де бейнелейтін. Ауыл молдасының алдын көрген балалар бұдан ары қарай тұрмысы көтеріліп, оқуға ынтасы болса медресе, жоғары оқуға түсетін болған.
Соңғы кездерде қазіргі қалыптасқан жалпы орта білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, ұлттық мінез-құлқымызға, дәстүрімізге сай келетін жаңа оқу жүйесін жасау керектігі сөз бола бастады. Біз сөз етіп отырған көне оқу жүйесі жайындағы әңгіме осы орайда қызмет жасап жатқан ағайындарға ойтүрткі үшін айтылып отыр. Әлемдік ғылымның дамуына үлес қосқан Шығыс ғұламалары осы үлгіде тәлім-тәрбие алған жоқ па? Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз Әбунасыр әл-Фараби, кешегі өткен аталарымыз Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Х. Досмұхамедов, Санжар Аспандияровтың т.б. да осындай тәлім-тәрбие алған дала перзерттері еді ғой.
Мақаланы қорыта келіп айтарымыз бабаларымыз қазақ халқы өсіп-өніп дамуы үшін бабаларының ұлттық дәстүрге білім алуына, олардың салауатты хәм бауырмал болуына көп мән берген. Біз де осы үрдісті жалғастыра отырып, өмірге, тұрмысқа жақын тәлім-тәрбие мектебін қалыптастыруға ат салысайық демекпіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет