Орындаған: Тулеуова С. Топ: дбот 21-02



бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі24,56 Kb.
#131944
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ 1


Орындаған: Тулеуова С.
Топ: ДБОТ 21-02

СӨЖ 1
Этнопсихологияның ғылым ретіндегі пәні, мақсат-міндеттері және әдіснамасы.




Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде ( Лацариус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды.
«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.
Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлерді анықтайтын этностық бірліктің реттелген жиынтығын көрсетеді.
Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер.
Этнопсихология ғылым ретінде «ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар». Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, 17, 18, 19 ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады.
19 ғ. екінші жартысында этнопсихологиялық ойлардың дамуында ұлттық этнопсихология мәселелерінің тарихы мен әдіснамасының жаңа өңделуіне байланысты жаңа өзгерісті кезең басталды. Осы кезеңнен бастап, этнопсихология өзінің объектісін, зерттеу пәнін, міндеттерін, әдіснамасын анықтайтын дербес ғылыми пән статусын алды.
19 ғасырдың 90 жылдары этнопсихологияда сол заманғы шетел этнопсихологиясының негізіндегі «Боасаның тарихи мектебі» және «Мәдениет және тұлға» жаңа бағыттары қалыптасты.
Қазіргі уақыттағы шетел этнопсихологиясы – дербес ғылым, ол үш тармақтың дамуына детерминацияланған – психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этносаралық қатынас психологиясы.
Ресей этнопсихологиясы өзінің дамуын 1848 ж. «психикалық этнографияның» құрылуынан бастайды. Оның дамуындағы өзгерісті кезеңі соңғы славиянофильдер мен орыс философтарының зерттеулері болып табылады. Этнопсихология дамуының кеңестік кезеңі «типтік ұжымдық әсерлену» мен мәдени-тарихи теориялық түсініктерімен анықталады.
Қазіргі кездегі даму кезеңінде «қоғамдық ұлттық мәселелерге қызығушылықтар туған кезде», ресейлік этнопсихология – алдына міндет қойған бірден бір ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейде күрделі этносаралық қатынастар өзінің дамуын «Этносаралық қатынастар психологиясынан» алады.
Қазақ этнопсихологиясының ғылым ретінде дамуы алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушыларының есімімен байланысты. Ұлттық психология мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларында қарастырылған. Қазіргі кездегі қазақ этнопсихологиясының дамуы ұлттық психология, этнопсихология дамуының тарихи-этностық аспектілерінің зерттеуімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет