Ғылыми әдіс Ғылыми әдіс — жалпы ғылым аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Ғылыми әдіс
Әдіс ұғымы болмыстың тәжiрибелiк және теориялык игерілу жолдары мен операцияларның жиынтығын бiлдiредi. Бұл белгiлi бір мақсатқа қол жеткізу үшiн бiлiм алу үдерісінде басшылыққа алынатын ұстанымдар, амалдар, ережелер мен талаптар жүйесi.
Әдіс зерттеу пәнімен (нысанымен) анықталады. Тасымалдаушысы белгілі-бір адам.
Ғылыми әдістің сипатты белгiлерi: обьективтілігі, қалпына келтіру мүмкіндігі, эвристикалылығы, қажеттiлiгi мен нақтылығы.
Ғылыми әдістің қадамдары:
Бақылау Сұрақ Гипотеза Эксперимент Нәтижелері Қорытынды Жалпы әдістер:
анализ,
синтез,
абстракциялау,
салыстыру,
индукция,
дедукция,
аналогия және т.б. да анықталған.
Арнайы, яғни ғылымда қолданылатын:
ғылыми бақылау,
эксперимент,
идеализация,
формализация,
аксиомализация,
абстракциядан нақтылыққа ауысу және т.б.
Тәжірибелік, яғни ғылыми танымның заттық-сезімдік деңгейінде қолданылатын:
бақылау,
өлшеу,
тәжірибелік эксперимент.
Логикалық:
дәлелдеу,
терістеу,
түсіндіру,
салдарын анықтау,
жақтау.
Теориялық әдістер
Формаландыру Аксиомаландыру Гипотетикалық дедуктивтік әдіс Эмпирикалық әдістер
Салыстыру Өлшеу Бақылау Тәжірибе жасау Ғылыми әдіс
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Н. Әлікенова «Ғылымның тарихы мен философиясы» Талдықорған,2012 83-89б