Орындаған:Қадырғазықызы. Б тобы: Тқиұ 21-02 Қабылдаған: Малдыбек. А


Ригведа – Ведалық құдайларға арналған 1017 гимндер жинағы. Самаведа



бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі37,62 Kb.
#79419
1   2   3   4
Ригведа – Ведалық құдайларға арналған 1017 гимндер жинағы.
Самаведа – құрбандық шалу кезінде Ригведаның гимндерін дұрыс айтуға үйрететін түсіндірмелер.
Яджурведа – Ригведаның гимндері орындалатын ритуалдарды сипаттау.
Атхарваведа – құдайларға, демондарға, рухтарға арналған дұғалардың жиынтығы.
Канондардың келесі бір бөлімідері:
Брахмандар – Ведаларға түсіндірме.
Араньяктар (орман тақуаларының кітаптары)- тақуаларға арналған ведалық түсіндірмелер.
Упанишадтар (ізгі білімді тану үшін «ұстаздың аяқ жағында отыру») б.д.д. І мың. ж. шамасындағы діни-философиялық текстер болып табылады. Осы кездің өзінде-ақ философиялық сананың бастапқы элементтері пайда болды және алғашқы философиялық ілімдер қалыптасты (діни-философиялық және материалистік).
Ертеүнділік философияның дамуы белгілі бір жүйенің немесе мектептің негізінде дамыды, және оларды үлкен екі топқа бөлуге болады:
1. Астика (ортодоксальдыяғни Вед авторитетін мойындайды)
Веданта, Миманса, Санкхья, Ньяя, Вайшешика, Йога
2. Настика (ортодоксальды емесяғни Вед авторитетін мойындамайдыДжайнизм, Буддизм, Локаята (Чарвака).
Джайнизм (джина - жеңіс) негізін қалаған – Махавира. Жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі. Негізгі ұғымдары: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара – жанның тазалануы, тәуелдік, карманы бұзу – нирджара, босау. Джайнизмдегі «үш асыл»: - дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс.
Джайнизмде адам өзін-өзі жеңу үшін бірнеше қағидаларды ұстану керек:
Апариграха – дүние заттарына қызықпау, байланбау, самарқаулық;
Сатья – ешбір қиындыққа қарамастан шындықты айту;
Астья – ұрлық жасамау;
Ахимса – қиындықтарп жөніндегі ілім, еш нәрсеге зәбірлік көрсетпеу.
Буддизм -  негізін салған шакья тайпасының принці Гаутама Сидхартка (б.ғ.д.563-485) Будда – көзі ашылған, нұрланған дегенді білдіпеді. Будда ашқан төрт ақиқат:
өмір қасіретке толы;
қасіреттердің себебі бар, ол – адамның құмарлығы, тойымсыздығы;
қасіретті тоқтатуға болады; оның сегіз түрлі жолы бар – дұрыс көзқарас, дұрыс сөйлеу; дұрыс ой, дұрыс өмір салты, дұрыс жүріс-тұрыс, дұрыс бетбұрыс, дұрыс күш салу, дүрыс зейін қою.
Нирванаға жету; нирвана – сананың өшуі, сөнуі, дүние қызығынан бас тарту.
Үнді философиясының онтологиясы Рита заңдарына сүйенеді – космологиялық эволюция, циклділік, тәртіп пен өзарабайланыс. Болмыс және бейболмыс Брахма-Космостың (Жаратушы-Құдайдың) дем алуымен немесе дем шығаруымен ұқсастырылады. Өз кезегінде, Космос-Брахма 100 космостық (жердегегі 8640000000 жыл) жыл өмір сүреді, одан соң ол өледі және абсолютті бейболмыс басталады, жаңа Брахма туғанша – 100 космостық жыл өтеді .
Бар шексіз тарих – Космоса өмірі мен Абсолютті Бейболмыстың кезектесуі, бір бірімен әр 100 космостық жылда кезектесіп отырады. Әрбір жаңа Космоса-Брахманың туылуына байланысты өмір де барынша жетілген формада қайта туындайды.
Дүние өзарабайланысты. Космос өміріне әрбір оқиға өз әсерін тигізеді. Эволюцияның мақсаты – материалды формаларды әр кезде өзгерте отырып барынша жетілген рухқа қол жеткізу.
Көне Үнді философиясының гносеологиясының ерекшелігі заттар мен құбылыстардың сыртқы белгілерін қарастыру емес, заттар және құбылыстар әлемін түйсінгендегі санадағы процестерді тану болды.
Көне Үнді философиясының кейбір маңызды ұғымдары
Атман - Болмыстың жоғарғы субъективті бастауы, жоғарғы рухани бастау Джива - кең мағынасында жан немесе өмір ұшқыны, монада, әлемдік
өмірдің бастамасы
Дхарма - моральды заң, парыз, рухани ілім
Агни - от құдайы
Яма - өлім құдайы
Рита - ғарыштық тәртіп
Карма - себеп пен салдар заңы; жазалану; рок немесе тағдыр
Мукти
(мокша) - сансарадан және жергілікті кармадан босатылу, жоғарғы адамгершілік 
бастамалар
Нирвана - сананың жоғарғы рухани жағдайы, рухани болмыс сферасына жетумен 
байланысты
Пракрити - материалды табиғат, материалды субстанция
Пуруша - рухани табиғат; рухани субстанция; Абсолютті рух
Сансара - қайта туылған жанның әруақытта материалды және рухани әлем
шеңберімен жанның айналуы
3. Б.з.б. VIII-VI ғғ. Көне Қытайда құлиеленушілік қоғамның қалануы мен дамуында идеологияда екі тенденция қалыптасты: консервативті және прогрессивті, мистикалық және материалистік. Бұл екі тенденция арасындағы күресте бес алғашқы элементтер (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, қарама-қайшы бастамалар (Инь және Янь), табиғи заң (дао) туралы қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарады және басқа да көзқарастар б.з.б II-I мың жыл. білімнің нәтижесі еді.
Қытай философиясы халықтың патриархалды тіршілігіне ұқсас және практикаға нақты-әрекетпен бағыталған. Қытай философиясында Көне Үндідегіндей немесе басқа халықтардікіндей бай мифологиялық негіз жоқ.. Қытай философиясы ең бастысы прагматикалық философия, арғы дүнедегі емес, осы дүнедегі бүгінгі күннің практикасына бағыталған.
Көне Қытайдың философиясының алғы бастауы алғашқы қытай жазба ескерткіштерінде, әсіресе «Өзгерістер кітабында» («Ицзин»), Қытай философиясының басталуын ұқтыртады. Бұл кітап (сол сияқты. «Ши цзин» - «Өлеңдер кітабымен» бірге) Үндістандағы Упанишад сияқты мәнге ие болды.
Көне Қытай философиясындағы жоғарғы маңызға ие болған даосизм мен Конфуций ілімі болды.
Даосизм – Лао-цзы құрған ілімі, Дао – заттардың жолы. Даосизмді негіздеушінің негізгі идеясы табиғат пен адам өмірі «аспан әмірімен» басқарылмайды, белгілі бір жол – даодан пайда болады. Дао – бұл заттардың табиғи заңы, Ци (ауа, эфир) субъстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды. Әлемдегінің барлығы қозғалады, дамиды, үнемі өзгерісте болады. Даму қалай жүрсе де, адалдық әруақытта жеңеді. Заң солай. Адам заттардың табиғи жолына араласпауы керек.
Араласпау, немесе «әрекетшілдік» (увэй – шынайылыққа саналы қатынасс) – адамға байланысты даоның бір талабы. Бұл «табиғилықпен жүру» дегенді білдіреді. Бұл талаптар индивидке де, адамдардың әлеуметтік әрекетіне де, сол сияқты таным әрекетінің сферасына да қатысты айтылған.
Лао-цзы идеясы «Доа дэ цзин» атты кітабында б.з.б. V-III ғғ. пайда болған, оның жалғасы б.э.б. I ғ.
Конфуцийшілдік. Бұл ілімнің негізін қалаған көрнекті ойшыл, саясатшы - Конфуций (б.д.б. 551-479 ж.ж.) болған. Конфуция көзқарастары «Лунь юй» («Әңгімелер мен пайымдар») атты кітапта берілген. Конфуцийшілдік – бұл, ең алдымен моралдық-этикалық ілім, әрбір адамның дүниедегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді. Мұнда ақсүйектерді құрметтеу, қоғамдағы өз орныңды біліп, оны мықтап ұстау және т.б. орындалуы тиіс этикалық ережелердің жиынтығы. «Сяо» - «ата-ананы құрметтеу», «ди»- «үлкен ағаны құрметттеу», «чжун» - «өз басшыңа адал болу және оны құрметтеу». Осы ережелермен жүру бұрыннан қалыптасқан тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етеді. Конфуцийдің адамның қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрысының алтын ережесі: өзіңе қаламағанды өзгеге жасама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет