Жауабы: 3 сағ.
4. Қорытпаларға, қоспаларға, ерітінділерге арналған қолданбалы мәтінді есептер Қорытпаларға, қоспаларға, ерітінділерге арналған қолданбалы мәтінді есептер шығару үшін келесілерді негізге алу керек:
барлық қарастырылатын қоспалар (қорытындылар, ерітінділер)
біртекті;
бұл есептерді шешкен кезде бірнеше заттар қоспасының массасы компоненттер массаларының қосындысына тең деп есептеледі, ;
қоспадағы заттың пайызы (концентрациясы) - оның массасының бүкіл қоспаның жалпы массасына қатынасы. Бұл қатынасты не бөлшек түрінде, не пайыз түрінде көрсетуге болады, яғни М – қоспаның массасы, ал 𝑚𝐴, 𝑚𝐵 құрамындағы А, В компоненттерінің массалары болса, онда
қоспаны құрайтын барлық компоненттердің концентрациясының қосындысы бірге тең, ;
Қоспаға, корытпаға және концентрацияға арналған ecenтер кестелік әдіспен шыгарған, яғни есептің шартын кесте құрастыру, кейiн массаның сақталу заңымен бос тор көздерді толтыру өте қолайлы.
Қоспаға, қорытпаға жане концентрацияға арналған есптерге:
1) Қоспаға бір затты қосуға;
2) екі ерітіндіні (қорытпаларды) араластыруға;
3) қоспаларды төгуге арналған есептер жатады.
Есептердің әрбір типтерін жекелей қарастырайық.
Қоспаға бір затты қосуда (алуға) арналган есептердің ерекшелігі – бір заттың мөлшері өзгереді, екіншісініңкі сақталады.
Қорытпадағы қалайының бастапқыдағы және соңындағы
құрамына негізделген келесі теңдеуді аламыз:
0,55 • 12 + x = 0,6 • (12 + x), осыдан х = 1,5.
Демек, бастапқы қорытпаға 1,5 кг қалайы қосу керек екені
анықталды.
Ескерту. Кестені пайдаланып, қорытпадағы мыстың да
бастапқыдағы және соңындағы құрамына негізделген теңдеуді
құрастыруға болады.
Бастапқыда қорытпада 0,45 • 12 кг мыс болды.
х кг қалайы қосылды (мыс қосылмады). Сонда (12 + х) кг
жаңа қорытпа алынды, оның құрамында 40% мыс бар, яғни
0,4 • (12 + x) кг. 0,45 • 12 = 0,4 • (12 + x), осыдан x = 1,5
Жауабы: 1,5 кг қалайы.