Сарғыштану Айқын клиникалық симптом. Несеп, шырышты қабықтар мен көз склерасының сарғаюымен көрінеді. Сары түске барлық тіндер, экссудаттар, транссудаттар боялады. Сілекей, көз жасы, асқазан сөлі түсін өзгертпейді. Ол билирубиннің қанда жоғары мөлшерде кездесуімен байланысты.
Холестаз ішекке өттің толық немесе белок компоненттерінің бөлінуінің бұзылуымен , өт жолдарында жиналуымен, қанға түсуімен сипатталатын синдром. Холестаздың биохимиялық маркерларымен, холемия және ахолия синдромдарымен көрінеді.
Клиникалық көрінісі
Холемия Өт қышқылдарының қанға түсуінен пайда болады. Ол өт қышқылының рецепторларға, кезбе нерв орталығына, жүрек және қантамырлараның(АТФ синтезінің бұзылуы және бұлшықеттік жиырылулардың әлсіреуі) синустық түйіндеріне әсер етуінен болатын брадикардия және артериалды қысымның төмендеуімен сипатталады.
Өттің ішекке түспеуінен стеаторея, креаторея, авитаминоз, қан ұюдың бұзылуы, дисбактериоз дамуымен жүретін синдром.
Дисхолия – өт литогенді қасиетке ие болатын синдром.
Ахолия