Тақырыбы:Ұлттық сәндік панно жасау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Орындаған:Әбдіқадырова Жұлдыз Бөрібайқызы
Ғылыми жетекшісі:Кошкарова Шолпан Закировна
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамындағы бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгертуге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» деп атап көрсетілген.
Зерттеудің мақсаты: Ұлттық сәндік панно жасау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруді оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру қажеттігін теориялық тұрғыда негіздеу.
2. Ұлттық сәндік панно жасау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін анықтау.
3. Ұлттық сәндік панноны жасауы
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету - оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасырлар бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес сұлулық сырымен, сәнімен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сөз өрнегімен суреттеп те отырған.
Өнер – эстетикалық тәрбиенің басты құралы болып табылады. Әр өнер тұрмыстық заттың қажеттілігінен пайда болсада, ол қажеттілік заңына ғана емес сұлулық заңынада бағынған. Сұлылық сезім болмыстың көркем көріністерінен, өнердің сұлу заттарынан әсемдік көрініс тапқан.
Өнер – эстетикалық тәрбиенің басты құралы болып табылады. Әр өнер тұрмыстық заттың қажеттілігінен пайда болсада, ол қажеттілік заңына ғана емес сұлулық заңынада бағынған. Сұлылық сезім болмыстың көркем көріністерінен, өнердің сұлу заттарынан әсемдік көрініс тапқан.
Халық өнері оқушыларды эстетикалық тәрбиеге баулу туған елдің табиғатын бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады, сынып оқушыларын қолөнерге, жүннен сәнді бұйымдар жасауға баулу, олардың түстерінің, формаларының, пропорцияларының тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.
“Эстетика” грек сөзі, яғни, сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей біле алады.
Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.
Эстетикалық қарым-қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Әсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды әсер қалдырады.
Эстетикалық тұрғыдан қабылдау адамның туа біткен қабілеті болып табылмайды, белгілі бір мәдениеттіліктен, даярлықтан, эстетикалық білімділіктен талап етіледі, эстетикалық қажеттілік, қабілет, талғам, бағалау және т.б., сапаларды қамтитын жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігін арттыра түседі.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді.
Мектептегі эстетикалық тәрбие беру төмендегідей міндеттер арқылы жүзеге асады: мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын өнер оқушылардың арнайы білім дағдысын қалыптастыруға, оларды өз шығармаларында көркем бейнелер сомдауға ынталандыруға, қиялын ұштауға көмектеседі.шығармалары, шынайы заттар мен құбылыстар арқылы дамыту, мұнда практикалық сабақтар мұғалімдерге көрнекі құралдарды дұрыс пайдалануға