Орындаған:Іми Назерке


Даралық (лат. Individuum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіз



бет6/8
Дата06.02.2023
өлшемі136,5 Kb.
#65486
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
80131.pptx

Даралық (лат. Individuum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.

  • Даралық (лат. Individuum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
  • Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінің өзінше үйлесіп келген, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.
  • Даралық – адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе. Бұл жүйе адамның жалпы, тұрпатты және ерекше қасиеттерінің өзара әрекеттесу үдерісінде қалыптасады. Тарихи даму барысына орай, адамның даралануы барған сайын айшықтана береді.
  • Даралық – адамзаттың прогрес жолымен дамуы үшін қажетті шарттардың бірі. Жеке адамның даралануы мен жетілуі қоғамда қатып қалған консерватизм мен таптаурындарға қарсы күресте манызды рөл атқарады, адамдардың өздерін-өздері, қоғамды және қоршаған ортаны үнемі жасампаздықпен өзгертіп, жетілдіріп отыруының кепілі бола алады.
  • Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
  • Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

  • Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
  • «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
  • Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
  • Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Бұл жағынан ол жануар, хайуанаттардың кез келгенінен әлсіз екені белгілі. Мысалы, жұмыртқадан шыққан құс балапаны бірден тамақ іздеп жүгіреді. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқолық көмегінсіз адам баласы өсіп жетіле алмаған болар еді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет