Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен маңызы А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алды. А.Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын» деді. Сол кездегі оқыту процесін: «әуелі әліфті тегіс жатқа оқытады және де оқытқанда әрбір харіфтің өз үнімен оқытпай, әліфбиде қалай аталса, сол атымен әліп, би, ти, си, мим, ха, дал дегізіп оқытады. Соны оқып болған соң астын, үстін, үтірін оқытады. Мұны оқытқанда да хәріфтің өз дауысын оқытпай … бисын ба, тисын та, сисын са дегізген соң харфтің анық дауысы қалай екенін білмей баланың басы қатады» деп сынады. Сондықтан ел арасына тарай бастаған жаңа оқу жәдид жүйесін одан ары жетілдіруді ойлады: «Усул жәдид, яғни төте оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасына аз тараған соң, біздің мақсатымыз да сол оқуды қазақ арасына көбірек жаю. Усул жадит жолын сіз 28 әріп оқыту мағынасында ұқсаңыз, оныңыз қате – усул жадид – жаңа жол. Бір екі белгі алып қосқаннан усул жадит жолынан шықпаспыз» деді. Сөйтіп, 1912 жылдардан бастап А.Байтұрсынұлы оқулықтары, «Қазақ» газеті (1913-1919жж.) осы әліпбимен жазылып, ел ара-сына тез тарай бастады. Тек әліпби ресми түрде 1924 жылы ғана қабылданды. Мысалы, Е.Д.Поливанов «Новая казак-киргизская (Байтурсыновская) орфография»деген мақаласында былай дейді: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика в 1924 году я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в поправлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, которым с полным могут гордиться киргизские деяте-ли просвещение-создатели реформы, как крупным культурным завоеваниям»деген. Т.Шонанов Байтұрсын әліпбиінің маңызын былай сипаттады: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білместігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер белгілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфавиті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті». М.Дулатов: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учитель-дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді. Қ.Жұбанов: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын. Ал проф. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-дың еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым. М.Жүсіпұлы: «А.Байтұрсынұлы жасаған сингарфмоалфа-вит пен сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШтың ғұлама ғалымы Р.О.Якобсон ұсынған орфогра-фия принциптерімен салыстырып, А.А.Реформатскийдің қазақ жазуының жобасының ұтымды екендігін сүйіспеншілікпен айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-дігін таңбалайтын Р.О.Якобсон ұсынған графикалық әдіс, ғылыми маңызы биік қазақ орфографиясының талантты жоба-сына өте ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында сөздің жуан, жіңішкелігін белгілейтін таңба (дәйекші) сөздің құрамындағы әріптермен бірге емес, сөздің «сыртында» тұрады. Р.О.Якобсон жасаған ұсыныс та дәл осы әдістің өзі. Бірақ бұл жағдайда қосымша таңба сөздің «сыртында» емес, сөздің «ішін-де» дауыссыз әріптермен бірге жазылып, сөздің жуан я жіңішке екендігін білдіріп тұрады». Және Н.Ф.Яковлевтің әліпби жасаудағы математикалық формуласына негіз болған басты принциптер тікелей А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбегімен байланысты екенін, А.Байтұрсынұлының 1912 жылы қазақ тілінде жарияланған еңбектері мен Н.Ф.Яковлевтің 1926 жылы жазылып, 1928 жылы жарияланған мақаласында ұқсайтын пікірлер, ғылыми тұжырымдардың кездесетінін былай қатар сөйлете оты-рып, дәлелдейді:
А.Байтұрсынұлы: «… дауысты дыбыстар жуан айтылса олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы». А.Байтұрсынұлы: «… сөз екі түрлі бір түрі жуан, екінші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жіңішке болады. Жалғыз түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бір ақ түріне кіреді». Н.Ф.Яковлев: «… как гласные, так и парно различаемые по признаку твердости, мягкости согласные звуки в границах однаго и того же слова могут быть в языке этого типа или только твердыми, или только мягкими, и наоборот, в пределах однаго и того же слова не может быть одновременно и твердых, и мягких как гласных, так и согласных, для которых существует в языке парное различение по твердости – мягкости». «Н.Ф.Яковлевтің бұл сөздері де» дейді М.Жүсіпұлы, «А.Байтұрсынұлының ойын қаз қалпында сақтаған. Егер біз бұл цитатаны қазақ тіліне сөзбе-сөз аударсақ, сол ой – сол ой болып қалады, яғни мағыналық өзгерістер сезілмейді, бірақ Н.Ф.Яковлевтің осы ойды жазғанында көп сөзділікке ұрынып кеткендігі айқын байқалады. Н.Ф.Яковлев еңбегінде математикалық формулаға бөліп, ұсынған алфавит жасау принциптері (ғылыми тұжырымдары) А.Байтұрсыновтың алфавит жасау принциптерінен (ғылыми тұжырымдарынан) айнымайды. Бар айырмашылығы тек жазу (дәлелдеу) дағдысында: А.Байтұрсынов өзінің алфавит жасау принциптерін, ойларын математикалық формулаларының таңбаларымен белгілемесе де, математикалық дәлдікпен берген, сондықтан ғылыми ізденістерінің қорытындылары көпшілікке түсінікті, ұтымды шыққан. Н.Ф.Яковлев сол принциптерді, ойларды математикалық формулалардың таңбаларын пайда-ланып жасаған. Ал, әріп санының айырмашылығының себебі мынада: А.Байтұрсынұлы қ-ғ, к-г дауыссыз дыбыстарын жеке фонемалар деп жариялаған, себебі олар акустика жағынан да, артикуляциялық жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие, сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н.Ф.Яковлев бұл дауыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері (вариациялары) деп түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған». Ондағы жер асты байлықтарын сөз ету өзге мақаланың өзегі, ал біздің бүгінгі айтарымыз, Қаратаудың қатпар тастары мен шатқалдарын араласаңыз, жартастар беттеріне қашалып жазылған түрлі иірімді жазуларға, ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты суреттерді көресіз. Көресіз де қайран қаласыз, мұнда бір ғана ғасырдың ғана емес, жүздеген жылдардың ізі, таңбасы жатқанын сезгендей боласыз. Тасқа қашалған бедерлерді ғалымдар; петроглифтер деп атайтын көрінеді. «Осыдан үш, төрт мың жыл бұрынғы өрнектер», дейді, осы саланы ұйқысыз зертеп жүрген азаматтар сенімді түрде. «Аталмыш орынның петроглифтерінің барлығы әртүрлі сюжеттермен композицияларға біріккен, сан алуан тұрмыстық діни таным, мифологиялық ой-өрістермен тікелей байланысты. Қаратау петроглифтерінің мерзімдік ерекшеліктері ежелгі қола дәуірінен бастап, ортағасырлық қазіргі этнографиялық кезеңдерге дейін созылып жатыр. Демек, қола дәуірі – Еуразия кеңістігін қоныстаған сан алуан халықтардың бейнелеу шығармашылығындағы, әсіресе, жартасқа сурет салу өнерінің шарықтау шегіне жеткен кезеңі болып табылады», деген олардың байламы әлі де талай зерттеу мен зерделеуді қажет етері түсінікті. Олай болса, осыншама құндылыққа көз жұма қарап, байлық іздеп, тас қашап, тау қопарғандарға, неге қоя тұрыңдар демейміз. Мұның бәрі «Мәдени мұра» емес пе? Ғалымдарымыздың зертеп, жүйелеп жұмыс істеуіне неге қамқорлық танытылмайды? Осы мақсаттың орындалу барысын жүйелеу, «Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер» ескерткіштер кешенін ЮНЕСКО-ның халықаралық тарихи-мәдени мұралар тізіміне ендіру үшін, ескерткіштің маңыздылығын айқындау мақсатында кезінде ағымдық жұмыстар да жүргізілді. Шамалы жерге арнайы белгі қойылып, мемлекеттік қорғауға алынды. Алайда, сырт кісілерден естиміз, әлгі тасқа қашалып жазылған жазулар мен өрнектерді қуатты құралдар арқылы тастың бетінен қиып алып, тасып кетушілердің бар екендігін. Бұл не? Сол қашалған тастарды басы бүтін құртып жібермесе де, мұражайларға немесе таудың басқа қойнауларына апарып қоятын болса, бұл тарих үшін үлкен жаңсақтық, қиянат болып шығары анық. Ондайларға «тәйт» дейтін ешкімнің болмағаны ма? Біз осы мәселеге алаңдаймыз. Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің тарихы Қаратау сілемдеріндегі ою-өрнектерден бастау алса, үлкен Қаратау жотасы бір жағынан Бетпақдала мен Мойынқұм сияқты жазықтығымен ал онтүстік, оңтүстік-батысында Сырдария өзенінің жазықтық алқабымен жалғасып жатыр. Петроглифтер негізінен Үлкен Сауысқандық тауының солтүстік-шығыс етегінде яғни, Бала Сауысқандық өзенінің сол жағалауын бойлай, Бала Сауысқандық тауының, оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейінде, шағын Күркіреуік сарқырамасының солтүстік-шығысындағы адырларында орналасқан. «Демек, кемінде осы маңдағы бес жүз гектар жер қорыққа айналуы тиіс» деп болжам жасаған сала мамандарының шындыққа саяды. Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезі, түркі халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қатысы, графикасы мен грамматикасы, лексикасы, қазіргі түркі тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын қазіргі тіл дамуының тұтынушысы бола отырып, аршу, дүдәмал дыбыстық тілге кодтау, код таңбаларының мәнін көрсету, кодтың (әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты қиын екенін ескерсек, көне түркі жазуына “барған” ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін көреміз. Сондықтан көне түркі жазуы туралы қазақ тіл білімін-де бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерін жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі 152 жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы әріп таңбаларының мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану жүйесі мен ішінара дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді. Көне түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік, Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ере-кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған 35 графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фонеманы және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік», - дей келіп, «Біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген болатын. Одан кейін Мемлекет басшысы өзінің 2012 жылғы «Қазақстан - 2050» cтратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында да атап көрсеткен еді. Ал 2018 жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осы мәселенің бағыты айқындалды. Қазақстанда әліпбиді алмастыру мәселесі ел егемендігін алған кезеңдерден бастау алды. Латын әліпбиіне қайта оралу туралы қоғамдық көзқарас 1994 жылы көтеріліп, содан бері бұл бастама бірқатар ғылыми конференцияларға арқау болды және бұл мәселені жан-жақты талқылау барысында түйінделген пікірлер мен ұсыныстар әрдайым ақпарат құралдарында жарияланып отырды. Демек, осы уақытқа дейін тілге тиек болып келген көкейкесті мәселеге бүгінгі қоғам тиянақты дайындықпен келіп отыр деп айтсақ артық емес. Қоғамға, мемлекетке қызмет етіп отырған тілдің ең жоғары сапалы түрі – әдеби тіл десек, оның екі формада өмір сүретіні белгілі. Олар – ауызша және жазба тіл. Ауызша тіл қоғамдағы, әлеуметтік өмірдегі бүкіл өзгерістерді өз бойына қабылдап, жинақтап, сол өзгеріске бейімделіп, икемделіп дамиды. Ал жазба тілде ауызша тілдегі өзгерістердің қоғам тарапынан әбден екшеліп, сұрыпталып, қабылданғандары ғана қалыптасады. Бұл – әдеби тілдің табиғи, заңды даму жолы. Жазба тілдің қызметі мен дамуына қоғам тарапынан кең көлемді, түбегейлі өзгерістер енгізу бүкіл тілге әсер етеді. Сол себептен де әліпбиді өзгерту, оның ұстанымдары мен емле ережелерін қайта қарап, бекіту-бүкіл мемлекетке, ұлтқа, оның рухани құндылықтары мен болмыс-бітімі, таным-түсінігіне ықпал етеді. Қоғамдық өмірдегі кез келген ауқымды шараға, ол экономикалық шара болсын, әлеуметтік шара болсын, көпшілік тарапынан өзіндік пікір, көзқарастар болмай қоймайды. Өйткені ондай шараның, жұртшылық жаппай қатыспаса да, өз жақтаушылары мен қарсыластары болады. Бүгінгі графика ауыстыру мәселесі де осы жайды басынан кешіріп отыр. Сондықтан бұл мәселенің тек-төркінін, себебін дұрыс түсінуге тырысуымыз керек. Латын әліпбиіне көшудің Қазақстан қоғамы үшін аса маңызды реформа екені даусыз. Заман тәжірибесі әлемдік ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы ретінде латын жазуын танытып отыр. 1940 жылдардан бері қарай қолданыста болған, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Аманжолов бастаған тілші-ғалымдар ұсынған кирилл әліпбиіне негізделген қазақ жазуы өзінің толыққанды қызметін атқарып отырғанымен, бұл графика санаулы елдерде, көбіне ТМД елдерінде ғана қолданыста болғандықтан Қазақстанның әлемдік өркениетке жақындауына тежеу болып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Латын әліпбиі - әлемде ең көп қолданыстағы графика. Бұл графикаға көшу арқылы Қазақстан әлемдік өркениетке, жаһандану үдерісіне жақындай түседі. Бұл күнде латын әліпбиі Еуропа, Азия, Африка және Америка құрлықтарының көптеген мемлекеттерінің жазу жүйесіне негіз болып отыр. Латын графикасы бірнеше ғасырлық тарихы бар ең жетілген, өзін-өзі тарих тезінде ақтап шыққан графика үлгісі екенін естен шығармаған жөн және осы үлгіге сай заманауи әліпбиді қазақ жазуына пайдалану өз тіліміздің де өміршеңдігі мен бәсекелестік қабілетінің артуына әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшуден қандай да бір саяси астар іздеудің қажеті жоқ, бұл - прагматикалық қажеттілік. Түркі әлемінде қолданыс тауып отырған латын әліпбиі Қазақстанның туыстас мемлекеттермен рухани-мәдени байланысын арттыра түседі.Әрі латын графикасы Қазақстанда 1929-1940 жылдарда қолданылып келген. Сондықтан бұл жағдай біздің өткен тарихымызға қайта оралу деп бағалаған жөн. Сондай-ақ шет мемлекеттерде тұратын қазақтар күні бүгінге дейін латын әліпбиін қолданып жүргендіктен қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуі қазақ ұлты өкілдерінің өзара жақындасуына, ұлт тұтастығына қызмет етпек. Тілдің болашағы - елдің болашағы. Жазуымызды латын әліпбиіне көшіру бір күннің ісі емес. Елімізде латын графикасына көшу жұмыстарының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» жобасын әзірлеп, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасына сараптама жасау мақсатында ұсынып отырған емле ережелерінің негізгі қағидаларына, жалпы орфография мәселелеріне байланысты өз пікірімді білдірмекпін. Жаңа әліпбидің ең ұтымды тұсы ретінде, қазақ тілінде 28 фонема, оның ішінде 19 дауыссыз, 9 дауысты фонема бар екендігін ескерсек, кириллицаға негізделген әліпбидегі басы артық әріптердің азаюын атар едім. Әріптер саны азайған соң орфоэпия, емле ережелері де жеңілдей түседі. Бұл жайт қазақ тілін оқып-үйренуді жеңілдете түседі. Емле ережелерінің жеке сөздің және күрделі сөз сыңарларының түбір тұлғасы сақталып жазылатын морфологиялық ұстанымды басшылыққа алуын да құптаймын. Өйткені осы уақытқа дейін бір-біріне сәйкес келмейтін бірнеше орфографиялық сөздіктердің жарыққа шығуы көпшілік елді шатастырып, сауатсыздыққа әкелген болатын. Морфологиялық ұстанымды негізге алған емле арқылы жазу ережесі жүйеге түсіп, қарапайым көпшілікке түсінікті болары анық. Жалпы емле жобасын жасаушылар кириллицаға негізделген орфографиялық ережелерді басшылыққа алғаны байқалады. Бұл – үлкен жетістік. Өйткені қазіргі қолданыстағы ережелердің уақыт тезінен өтіп, әбден қалыптасып, екшеліп, жүйеленген ережелер екені белгілі. Бұл жағдайды барымызды пайдалана отырып, алға қарай дамыту деп бағалаймын. Бұған «қосымшалар түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке болып жазылады» немесе бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бірге жазылатын сөздердің емлесі сияқты бірқатар ережелерді атап көрсетуге болады. Қорыта айтқанда, латын негізді қазақ жазуының орфографиялық ержелерін жасаушылар өз еңбектеріне асқан жауапкершілікпен қарап, емле ережелерін қалыптастырған. «Көш жүре түзеледі» демекші, халық тарапынан қолдау таппай жатқан тұстары кездесіп жатса, ол - келешек үдесінде. Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі - заман талабынан туындаған келелі де, киелі мәселе. Ұлт болашағы үшін орындалып жатқан бұл реформаның келер ұрпаққа берері мол. Ал тілшілер қауымы алдында тілдің қолданбалы аясын жетілдіру міндеті тұр.