Орындаушы: Жақсылық Ә. Тобы: аки-011 Қабылдаушы


Тұрмыстық техникадағы мехатроникалық жүйелер



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі140,11 Kb.
#127739
1   2   3
Тұрмыстық техникадағы мехатроникалық жүйелер

Мехатрондық жүйенің негізгі функционалдық есебі қозғалыс программасы туралы ақпаратты мехатрондық жүйенің бағытталған басқарылатын қозғалысына түрлендіру болып табылады. Мехатрондық жүйенің фундаменталды ерекшелігі жүйенің (механикалық, электрондық және компьютерлік) негізгі бөліктерінің әртүрлі физикалық табиғи қасиетке ие болуы, сондықтан олардың жұмысын сәйкестіруге көп көңіл бөлінуі қажет. Басқару жүйесінің программалық қамтуына енгізілген электронды- есептеуіш құрылғылар мен нақтылы алгоритмикалық есептердің мүмкіндіктері орындаушы механизмдердің конструкциясын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Мехатрондық жүйе бөліктері әртүрлі физикалық және табиғи қасиетке ие, сондықтан мехатрондық жүйелерді өндірудің негізгі экономикалық мәселелерінің бірі қаржы болып табылады. Көбінесе мемлекеттің қаржылық жағдайы мехатрондық жүйелер мен жалпы мехатроника ғылымының дамуына көп септігін тигізеді. Бұл жүйелерді құру көптеген материалдық заттарды қажет етеді. Біздің елде мехатроника жаңадан дамып келе жатқан ғылым болып табылады. Бұл салада жеткен жетістіктеріміз де көп емес. Мемлекет арнайы проектілер құру арқылы бұл ғылымды дамытуға үлес қосуы мүмкін. Арнайы жобаны іске асыру үшін ең алдымен білікті мамандар қажет, ал мамандарды басқа елдерден шақыруға немесе өз мамандарымызды даярлауымызға болады. Алайда нарықтық экономикада өмір сүруімізге байланысты негізгі мәселелердің көбі қаражатқа келіп тіреледі.
Мехатроника ғылым мен техниканың жаңа бағыты ретінде пайда болды және оған әлі де дербес ғылым ретінде құрылу керек. Ол үшін оның нысандық аймақтарын анықтау қажет, оны зерттеудің адекваттық әдістерін және теориясын, яғни мехатрониканың принциптерін құру керек және осылардың негізінде сәйкес техниканың жүйелерді есептеу мен жобалаудың инженерлік әдістерін құру болып табылады.


  1. Сурет. Тұрмыстық техникалар

Қазіргі уақытта мехатроника саласында шығарылған негізгі өнімдер бірінші ағымдағы мехатрондық модульдерге жатқанымен, өндірушілер жаңа дамыған модульдер шығаруға белсенді ат салысуда. Осы заманғы өндірістік мехатрониканың негізгі қиындығы стандартизация болып табылады. Мәліметтермен аусыудың бірыңғай стандарты туралы сұрақтар, типөлшемдердің бірыңғай қатарының сұрақтары, интерфейс стандарттарының сұрақтары толық шешілмеді. Мехатрондық жүйелерді зерттеу мен өңдеудің негізгі есептерін шығару негізіндегі бірыңғай фундаментальды теориялық аппараттың жоқтығы.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы техникалық ғылымды дамыту үшін оған жағдай жасалуы қажет. Ол өздігінен дамымайды, оны әрекет ету арқылы дамытуымыз керек. Басқа елдерден мамандар тарту арқылы өзіміздің мамандарымызды квалификацияларын көтеріп, елімізде білікті мамандар даярлайтын нақтылы білім базасын құрып, осы арқылы жас талапкерлерді, мамандарды тартып, оларды жоғарғы деңгейде даярласақ нақтылы бір нәтиже шығуы ақиқат. Көптеген қызықты жобалар жасау арқылы шет елдерден инвестиция тартуымызға болады. Сонымен қатар, басқа елдер мен ақпарат алмасуды, ортақ бірыңғай типөлшемдерді орнатуды, тәжірибе алмасуды ретке келтіруіміз қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН СІЛТЕМЕЛЕР

  1. https://www.referat911.ru/Tehnologiya/mehatrondy-zhjelerd-endrud-leumettk-mseleler/47139-1422946-place2.html

  2. Шоланов К.С. Основы мехатроники и робототехники: Учебное пособие- Алматы: КазНТУ, 2005 ж.

  3. «Мехатроника» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен- Алматы: КазНТУ, 2005ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет