Е витамині ( токоферолдар, антистерилдік немесе өсіп - өну витамині)
Е витаминінде жүретін авитаминоз.
Авитаминоз.1. Токоферолдар жетіспеген жағдайда адамдар жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады.
2.Бұлшық еттері әлсізденіп , қоректенуі бұзылады.
3.Бауыр некрозына ұшырайды. Организмдегі мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы дипопротеиндік компоненттердің зақымдануымен байланысты.
4.Е-авитаминоз кезінде еркекьердің сперматозоидтарып нашар қозғалады, олардың жіпше құйыршығы жойылып кетеді, сөйтіп ұрықтандыру қабілетінен айырылады.
5.Осындай авитаминоз құбылысына ұшыраған ұрғашы малдар ұрықтану қабілетін сақтайды, бірақ іщте пайда болған жаңа ұрпақ туу мезгіліне жете алмайды, өзінен өзі жойылып , организмге сіңіп кетеді немесе түсік болып түсіп калады.
6.Е-витаминоз ауруы біртіндеп өршиді.Егеуқұйрықтарға ұзақ уақыт бойы токоферол бермеген кезде ең алдымен олардың ұрықтану мүмкіндігі жоғалады, содан соң біртіндеп орталық жүйке жүйесі зақымданып, дистрофия құбылысына душар болады, ақырында сал соғып өледі.
К витамині (филлохинондар, антигеморрагиялық витамин)
К витаминінде жүретін авитаминоз.
Авитаминоз. К-авитаминоз сырқатына тән белгі-терінің астына және бұлшық еттерге қан құйылу (геморрагия) . Оның жағдай қан ұюы жылдамдығының төмендеуінен болады. Организмде витаминнің жетіспеуінен , сол сияқты кейбір сырқат кезінде К витамині сіңіре алмау салдарынан К-авитаминоз дертіне ұшырайды. Мысалы:өттің ішекке құйылуы бұзылады.
F витамині ( линол қышқылы, линолен қышқылы, арахидон қышқылы)
F витаминінде жүретін авитаминоз.
Авитаминоз. Ауыстырылмайтын май қышқылдары организмде жетіспеген кезде жас жануардың денесінің өсуі нашарлайды. Тері қабатының зақымдануы, бүйрегінің дерттенуі және өсіп-өну қызметінің бұзылғаны байқалады. Организмнің жұқпалы ауруларға қарсы табиғи төзімділік қасиеті төмендейді, жануарлардың өнімділігі төмендейді. F витамині жетіспеген кезде жұмыртқалаушы тауықтың дене салмағы және жұмыртқасының ұрықтануы кемиді.
F-авитаминоз сырқат кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан склероз құбылысы байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады.