РРвитамині (В5 витамині, никотин қышқылы, антипеллагралық витамин)
РР витминінде жүретін авитмаиноз.
Авитаминоз. РР - авитаминозына тән белгі пеллагра ( италья pella Agra-терінің жарылып түрпіленуі деген сөзден шыққан) .РР витамині атауының өзі пеллаграның алдын алатын факторлар деген мағына береді. Мұндай пеллагра сырқаты кезінде терінің ашық жерлері қабынады, ауыз ойылып, стоматит болады, тіл аурады(қара тіл дерті) , ол семіп жансызданады, ас қорыту жүйесі бұзылады(жиі-жиі іші өтеді). Сол сиықты жүйке жүйесі зақымданады, адам есінен айырылады. Пеллагра сырқаты көбіне тұрмысы нашар, азық - түлігі жүгері өнімдері мен шошқаның майы болатын елдерде кеңінен тараған.
В6 витамині ( пиридоксол , пиридоксал , пиридоксамин адермин)
В6 витминінде жүретін авитмаиноз.
Авитаминоз. В6-авитаминозы кезінде - терінің сал ауруына ғана тән қабыну ауруы-дерматит кездеседі. Бұз кезде дене симметриялы учаскелері (құйрық, құлақ, ауыздың айналасы, табан) зақымданады, тері қызарады, жануарлардың терісі түседі. Сол сияқты қан құрамындағы эритроциттердің саны азаяды, олардың түйіршік көлемі кішірейеді , қан азайып анемия құбылысы болады, құстардың жұмыртқалауы тыйылады.
В12 витамині ( цианкобаламин, антианемиялық витамин)
В12 витминінде жүретін авитмаиноз.
Авитаминоз.В12-авитаминоз кезінде қатерлі (пернициоздық) анемия ауруына ұшырайды, мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген және тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады, эритроциттердің жалпы саны азаяды. Сол сияқты тез өнетін басқа да ұлпалар , мысалы, асқазан шырышты қабаты (тұз қышқылы НCL түзілуінің тоқталуы салдарынан) және жүйке ұлпасы зақымданады.
В12-авитаминоз сырқаты тамақта цианкабаламиннің жетіспеуінен ғана болмайды, сонымен қатар асқазан-ішек жолы ауырған кезде , мысалы , қарынның шырышты қабаты зақымданған кезде де байқалады.
Вс витамині ( фолий қышқылы , фолацин)
Вс витминінде жүретін авитмаиноз.
Авитаминоз. Фолаттық коферменттер клетка ядросындағы нуклеопроткиндер синтезіне және қанның пайда болуын реттеуге қатысады. Осыларға байланысты Вс - авитаминозы кезінде қанның қызыл және ақ клеткаларының саны азаяды және макроцитарлы(қатерлі емес) анемияға ұшырайды. Мұндай авитаминоз кезінде жануарлардың жұқпалы ауруларға төзімділігін нашаралатады.
Н1 витамині( пара-аминобензой қышқылы, В4 витамині)
Н витминінде жүретін авитмаиноз.
Авитаминоз. Қара егеуқұйрық тамағы құрамында пара-аминобензой қышқылы болмаса олардың жүндері ағарады, сол сияқты басқа да жануарларда да жүннің бояуы жоғалады, адамның да шаштары сондай өзгерістерге ұшырайды.