Орыс мектебіндегі қазақ тілі пəні бойынша оқушылар олимпиадасын өткізу
жөніндегі əдістемелік нұсқау
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пəні бойынша оқушылардың білімі, алдымен, олардың
қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгеруін сараптаумен бағаланады.
Оқушылар қазақ тіліндегі мəтінді тыңдаған не оқыған кезде мазмұнын түсініп, белгілі бір
тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе біліп, грамматикалық тұлғаларды дұрыс қолданып,
сауатты жаза білуі шарт.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пəнінен облыс деңгейіндегі олимпиада сөйлесім əрекетінің
5 түрін қамтиды: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім. Сондай-ақ оқушыларға
лексикалық-грамматикалық тест ұсынылады.
Дəстүр бойынша, олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші күні барлық жазбаша тапсырмалар
орындалады, бұған тыңдалым, оқылым, жазылым жəне лексикалық-грамматикалық тест кіреді.
Екінші тур ауызша тапсырмалар - айтылым жəне тілдесімнен - тұрады.
Бірінші турдағы тыңдалым, оқылым тапсырмалары, лексико-грамматикалық тест
оқушылар санына қарай көбейтіліп, тексерілер алдында эссемен бірге шифрленуі тиіс.
Тыңдалым тапсырмалары 2 бөліктен тұрады (барлығы 20 сұрақ). Мəтіндерді
Ғаламтордағы көрсетілген сайттан не жіберілген файлды ашып тыңдату керек.. Тыңдалым
басталмас бұрын жюри мүшелері олимпиадаға қатысушыларға тапсырмаларды орындау тəртібі
жөнінде нұсқау береді. Оқушылардың тыңдауына екі түрлі мəтін ұсынылады. Мəтіндер екі рет
тыңдалады. Əр мəтінге 10 сұрақ берілген. Бірінші мəтін 2 рет тыңдалып болғаннан кейін, сол
мəтінге қатысты 1-ші жауаптар парағы таратылады да, дұрыс жауаптарды белгілеу үшін 5 минут
уақыт беріледі. Екінші тапсырма парағы тек екінші мəтін тыңдалғаннан кейін таратылады.
Содан соң екінші мəтіннің тапсырмаларын орындауға 5 минут уақыт беріледі. Барлық
тапсырмаларды орындауға 20 минут бөлінеді.
Бағалау: Əр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Тыңдалым сайысында алуға болатын ең көп ұпай – 20.
Оқылым тапсырмалары 2-3 бөліктен тұрады (15 тест тапсырмалары жəне бір мəтін
бойынша үзінділердің орналасу ретін анықтау;). Барлық тапсырмаларды орындауға 30
минут беріледі.
Бағалау: Əр тест тапсырмасының дұрыс жауабына 1 ұпай беріледі. Сондай-ақ мəтін
үзінділерінің ретін анықтауда əр дұрыс анықталған үзіндіге 1 ұпай беріледі.
Оқылым сайысында алуға болатын ең көп ұпай – 20.
Лексикалық-грамматикалық тест 20 сұрақтан тұрады. 15 сұрақ оқушының қазақ тілі
лексикасы мен грамматикасын дұрыс қолдана білуін танытса, қалған 5 cұрақ елтану
тақырыптарын қамтиды. Барлық тест тапсырмаларын орындауға 20 минут беріледі.
Осы уақыт ішінде барлық жауаптар арнайы параққа енгізілуі тиіс.
Бағалау: Əр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Бұл сайыста алуға болатын ең көп ұпай – 20.
Жазылым сайысында олимпиадаға қатысушылар əр сыныпта ұсынылған тақырып
бойынша эссе жазуы тиіс. Бұл шығармашылық жұмыста оқушының ойын еркін жеткізе
білуі, тілдік құралдарды қолдана алуы, қолданатын лексикалық минимумының мөлшері
мен күрделілік деңгейі бағаланады.
Эссе жазуға 40 минут уақыт беріледі. Жұмыс көлемі –1-1,5 бет. Жазылым сайысында
алуға болатын ең көп ұпай – 20. Эссені бағалауға қойылатын талаптар мынадай:
•
тақырыптың ашылуы;
•
тақырып бойынша ой жүйесі; мағыналық тұтастық
•
өзіндік
тұжырымдардың
берілуі,
ұсынылғын
тезистердің
нақты
дəлелдемелермен дəйектелуі
•
стилі;
•
орфографиялық жəне пунктуациялық қателер;
Сонымен, бірінші турда тыңдалым бойынша қойылатын ең жоғары балл – 20, оқылым
– 20, лексикалық-грамматикалық тест– 20, эссе – 20 . Барлық тапсырмаларды орындауға
шамамен 2 сағат беріледі, яғни 1-тур таңғы сағат 9-да басталса, cағат 11.00-де аяқталуы
тиіс.
Екінші турдың тапсырмалары оқушылардың айтылым жəне тілдесім əрекеттерін
меңгеруін тексеруді көздейді. Ол негізінен ауызша пікір алмасу, сөйлесу түрінде жүргізіледі. Бұл
тапсырманы орындау барысында оқушының сөздік қоры, қазақша сөз саптай білуі танылады.
Бұл турда оқушылардың басым көпшілігі күту бөлмесінде жиналып отыруы тиіс. Олардың
арасынан алдымен 6 адам қазылар алқасы отырған бөлмеге шақырылады. Кездейсоқ таңдау
негізінде олар 3 жұпқа бөлінеді де, тапсырма парағын алады. Парақтағы тақырыпқа дайындалу
үшін 5 минут уақыт беріледі. Содан кейін жұптағы оқушылардың бірі таңдаған тақырыбы
бойынша өз пікірін айтады. Осы жұптың екінші мүшесі сөйлеушіге тақырыпқа қатысты 3 сұрақ
қойып, жауап алуы тиіс. Содан соң олар рольдерімен алмасады, яғни екінші оқушы тақырып
бойынша сөйлеп, бірінші оқушы оған сұрақтарын қояды. Əр оқушыға тақырып бойынша
монолог айтуға 2 минут беріледі.
Жалпы алғанда, 2-тур бойынша оқушы жинайтын ең жоғары баға – 20 ұпай. Оның
ішінде 10 ұпай – айтылымға, 10 ұпай – тілдесімге бөлінеді.
Тур
Бақылау түрі
Ұпай саны
І
Тыңдалым
20
Оқылым
20
Лексика-грамматикалық тест
20
Жазылым (эссе)
20
ІІ
Айтылым мен тілдесім
20
Барлығы:
100
Достарыңызбен бөлісу: |