Орыс сыныптарындағы қазақ


Оқылым Уақыты 20 минут. Барлығы 20 ұпай



бет4/6
Дата03.12.2022
өлшемі79,06 Kb.
#54565
1   2   3   4   5   6

2. Оқылым


Уақыты 20 минут.

Барлығы 20 ұпай.


  1. тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен кестедегі берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.




басы

Ғ

1




2




3




4




5



Абылай хан Абылай хан (1711 -1781 жж.)




А) Абылай ханның ата-бабалары Шыңғысханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылатын - Қазақ Ордасының негізін қалаған Әз- Жәнібектен тараған. Әбілмансұрдың әкесі жау қолынан қаза табады. Абылай жастайынан қиындықты көп көреді және Ораз құлға арқа сүйеп өседі. Ол жас кезінен-ақ Отан қорғау жолында ерекше жауынгерлік қасиеттерімен танылады.
Б) Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты- мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүзді біріктіруді жүзеге асыра бастайды.
Ә) Қалың халық бұқарасына оны әйгілі еткен ірі жеңіске ол Әбілмәмбет бастаған қазақ жауынгерлерінің жоңғарлармен болған шайқасында қол жеткізді. Бұл ұрыста 20 жасар Әбілмансұр қалмақтардың қоңтайшысы Қалдан Сереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтіреді.
Г) Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым- қатынас орнатылды. Абылай хан 1781 жылы қаза тапты.
Ғ) Абылай хан Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай Ұлы жүздің ханы болады.
В)
1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды.


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:


  1. Абылай қай жүздің сұлтаны?

а) ұлы жүз ә) орта жүз б) кіші жүз в) ақ орда
  1. Абылайдың ата- бабасын атаңыз?


а) Әз- Жәнібек ә) Керей хан
б) Кенесары в) Қасым хан
  1. Хан сайланған жасын көрсетіңіз.


а) 18 жас
ә) 25 жас
б) 30 жас
в) 20 жас
  1. Абылай неше жыл хандық құрды?


а) 20 жылға жуық ә) 30 жылға жуық б) 40 жылға жуық

в) 50 жылға жуық


  1. Абылайдың қандай хан болғандығын сипаттап беріңіз.


а) көп тілді меңгерген, сөзге шешен, діни сауатты
ә) білімдар дипломат, дарынды қолбасшы, зерделі саясаткер б) өте салмақты, аса сыйлы, ұста шебері,
в) ақын-жыршы, бірбеткей, уәдеге берік



  1. тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Оқылым тапсырмасының мәтіні:

Сұрауы бар судың біз білмейтін құпиясы жетерлік. Ғалымдар су салқындағанда оның қысымы неге күшейіп, жылығанда неге азаятынын анықтай алмауда. Ертеде құрылысшылар тасты таудан ойып алу үшін бұлақ суын пайдаланған. Ағаш тығынын тастың ойық жеріне қағып, үстіне су құяды. Ағашқа сіңген су тау-тасты қопаруға ыңғайлы. Суды сіңіріп өсетін өсімдік те осыған дәлел. Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиеті бар. Оған дәлел 1956 жылы болған тарихи жағдай. Атом бомбасының құрамын анықтайтын әлемдегі нөмірі бірінші зертханада ғалымдар бір минутта күллі әлемді улаудың жолын іздейді. Алайда, жиын соңына дейін бармайды. Ғалымдар аяқ астынан тамақтан уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізіледі. Үстелдің үстінде судан басқа ештеңе болмаған еді. Судың құрамынан да улы заттар табылмаған. Анықтай келгенде, бас қосуда айтылған ақпаратты су молекулалары бойына сіңіреді. Жаман


ақпаратпен бүлінген суды ішкен ғалымдар жаппай уланады.
Судың ақпаратты қабылдайтыны туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген жапондық ғалым - Эмото Масару. Ғалымның зерттеулеріне сәйкес, «Рақмет»,
«Кешір», «Жек көремін» деген сөздерді айтқан кезде су молекулалары өзгеріске ұшырайды екен. Ақпаратты қабылдаған судың құрылысы ғана өзгереді, ал құрамы сол күйінде қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет