Мәтінге нақты тақырып беріңіз.
а) Дубай- сәулеті келіскен қала
ә) «Шарайна» бағдарламасының қызметі б) араб әмірлігі- қонақжай ел
Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз.
а) Дубайдың тарихы
ә) араб әмірлігі экономикасының қарыштап дамуы туралы б) араб әмірлігінің табиғи ресурстары
Арабтың ұлттық валютасы қалай аталады?
а) динар ә) дирхам б) лира
Дубайдағы қайық пішіндес ғимарат қалай аталады?
а) Бурдж Аль Араб ә) Дубай Молл
б) Бурдж Халифа
Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
а) жылына 10 миллионнан астам туристер келеді
ә) әлем бойынша жалғыз автоматтандырылған метро б) араб әмірлігінің халқы күндіз жұмыс жасамайды
Мәтіндегі антоним бола алатын сөз тіркестерін анықтаңыз.
а) адамдар жинақы, тәртіпті жүреді
ә) күндіз демалып, түнде жұмыс істейді б) өте сабырлы, мәдениетті халық
7-8-9. Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы Дубайда...
Тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес 3 сөйлеммен толықтырыңыз:
10. Мәтіннен қандай қорытынды жасауға болады?
а) экономикасы дамыған озық ел
ә) араб әмірлігінің жері қазба байлықтарға толы б) «Дубай Молл» араб әмірлігінің символы
тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен дұрыс жауапты таңдаңыздар.
Жас кезімде әкем мені қасына отырғызып алып, жиі әңгімелер айтатын-ды. Мен әкемнің айтқандарын кейде тыңдамайтынмын. Осыны байқаған әкем бір жолы: «Бір нәрсені есіңде сақта: қай жолмен жүрсең де мен үнемі алдыңнан шығамын»,- деді. Мен әкемнің бұл сөзін түсінбедім. Ал, кейін ойласам, расында да қайда болсам да, тіпті Қазақстанды қойып, Мәскеу,Ташкент, Бішкек, Балтық жағалауы елдеріне барсам да, әкемнің майдандас достары, өзінің солдаттары, тым болмаса нақыл сөздері, кітаптары, суреттері «мені ұмытпа» дегендей ылғи алдымнан шығады. Ал, ондай кісіні ұмыту мүмкін емес.
Әбділдә, Ғабит, Ғабиден, Сәбит секілді ағалардың балаларымен бірге оқып, дос болдық.Сонда жазғы демалыста олар Қара теңізге, Балтық жағалауына, Мәскеуге, Киевке кететін. Ал мені әкем үнемі пойызбен ауылға, яғни, Жуалыға, Асаға жіберетін еді. Сонда мен ауылға барғым келмейтін. Тіпті «Достарым демалысты үлкен қалаларда өткізіп жүргенде, неге мені әкем үнемі ауылға жібереді?»- деп ренжитінмін. Кейін әкем: «Балам, сені демалысқа үлкен қалаларға жібере алатын едім. Бірақ, мен сені ата-бабаңның кіндік қаны тамған жердің қасиетін білсін, Жуалының желіне кеудесін тоссын, Ақсудың суын ішіп, бойына күш жинасын, ана тілін ұмытпасын, кейінгі күні алыстап, жат, өгей болып қалмасын деген оймен жібердім»,- деп түсіндіріп берді. Бұл жерде де әкемнің ұлылығы көрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |