Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№6 билет
1)
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуіріндегі археологиялық мәдениеттің
ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақ хандығының
құрылуының алғышарттары мен себептерін талдаңыз.
Қазақ хандығының құрылу тарихы
... Қазақ мемлекеті шығу тегі, өмір сүру салты және мәдениеті жағынан ұқсас
түркі тілдес тайпалардың бірігуі нәтижесінде құрылды.
Қазақ халқы мемлекеттілігінің дамуында Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр
хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы маңызды кезең болды.
Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың екінші жартысында құлдырауды
бастан кешірген екі мемлекет – Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі саяси
жағдайымен байланысты болды.
Қазақ мемлекетінің құрылуы Керей мен Жәнібек сұлтандардың есімдерімен
байланысты. Олардың жаңа хандықтың іргесін бекіту жолындағы күресі рулық
ақсүйек қауымның да, қатардағы көшпелілер мен егіншілердің де мүдделеріне сәйкес
келді. Олар халықтың дербес мемлекет құруға ұмтылысы болды. ...
Бакина Н. Қазақстан тарихы. 6 сыныпқа арналған оқулық
[10]
3) «
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның білім беру жүйесін
реформалаудың басты мақсаты білім беруді нарықтық экономикаға, жаңа саяси
және мәдени құндылықтарға бейімдеу болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: