Қорытынды аттестаттау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет14/98
Дата20.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#35152
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98
 
Ә мәтіні: сұхбаттан үзінді 
Парламент Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли 
Бектаевпен сұхбат. 


15 
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Қазіргі таңда отбасы құндылықтарының төмендеп бара жатқандығы 
жиі айтылады. Сіздің ойыңызша, ол неден байқалады? 
– Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға 
ұшырап бара жатқаны – ащы да болса, ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген 
біздің балаларымыздың кіндігін кім кеспей жүр, бұрын жерге ғана көмілетін сол 
кіндік қайда қалмай жатыр?! Басқасын айтпағанда, ұлдарымыздың сүндет тойын, 
мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде ысырапшылдықпен 
өткізуіміз қай атадан қалған дәстүрімізде бар еді?! 
Өкініштісі, той өткізу бәсекеге айналып, құдалық даңғазалыққа ұласып бара 
жатыр. Сол қыруар шығынның үйленген жастардың бақытына емес, 
бақталастығына айналып, ақыры жақсылыққа апармай жатқандығын да көріп 
жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отбасылардың арасындағы 
кикілжіңнің осы қаржы мәселесінен туындайтыны анықталып отыр. 
Статистикалық көрсеткіш бойынша, Қазақстанда неке құрған әр үш 
отбасының біреуінің шаңырағы шайқалады екен. Бұл проблема қалалық жерлерде 
40 пайызды құраса, ауылдық жерлердегі деңгейі 27 пайызға жеткен. Мұндай 
келеңсіздіктің 40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ойландырады. 
Соңғы бес жылда еліміздегі мұндай фактілердің саны көбейген. 
 Қазіргі таңдағы қыз балалардың тәрбиесіне көзқарасыңыз? 
– Отбасы құндылығы дегенде, алдымен, қыз бала тәрбиесі ойға оралады. 
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Баланың тағдыры анасына тікелей байланысты. Соңғы 
кезде тастанды бала мәселесі аз қозғалып жүрген жоқ. Олай дейтініміз
статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 436-сы тастанды балалар екен. 
Бұл – қыз балалармен қатар, қазақ жігіттерінің де азаматтық борышы мен әкелік 
жауапкершіліктен бас тартуларын көрсетеді. Бұл - адам тауқыметі ғана емес, 
нағыз қоғам тауқыметі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет