Қорытынды аттестаттау тапсырмалары


Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді  Тәуелсіздік-Бабалар аманаты



Pdf көрінісі
бет4/98
Дата20.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#35152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
ТАПСЫРМАЛАР

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді 
Тәуелсіздік-Бабалар аманаты 
 
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік 
таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз 
тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-
жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл - атадан 
келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған 
еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен 
экономикасы болды. Іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі 
үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы 
деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі.
Бүгінгі бабадан қалған бай өлке - аталар аманаты. Арысы қазақ хандығынан 
бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан 
атадан тараған ұрпақтың парызы - осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің 
керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту - әрбір ұрпақтың 
міндеті. Қазақта «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ 
құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ 



ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. 
Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
 
Тапсырма.
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Тәуелсіз елді әлемге 
танытудағы жастардың үлесі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 
100-150 сөз болуы қажет. 
[20] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет