Жоспар Кіріспе: Саяси жүйе ұғымы, оның типологиялары
Саяси жүйе құрылымы және фнкцияларын талдау
Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің қазіргі тандағы жағдайы
Қорытынды
Кіріспе Тақырыптың зерттелу өзектілігі: өзінің ұйымдары мен қозғалыстары арқылы саяси өкіметке әсер ететін әлеуметтік топтарды бейнелейді. Ол мүдделер саяси процесс, саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады. Саяси жүйенің маңызы, оны зерттеудің қажеттілігі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріне байланысты. Саяси жүйе халықтың нақты өкіметі мен егемендігін жүзеге асыратын қажетті механизм болып табылады. Саяси тәжірибеде халықтық өкілдікті жеке бір саяси топтар мен лидерлер, партиялар мен қозғалыстар өзіне иемденеді.
Саяси жүйе қоғамдық жүйеден дербес болады, саясат арқылы шешілетін проблемалардың көбеюіне байланысты оның рөлі арта түседі. Бірақ артық дербестік қоғамның түтастығына қауіп тұғызады. Сондықтан экономикалық және саяси тұтастық болуға тиісті. Саяси жүйені шектейтін екінші фактор идеология. Сонымен қатар саяси жүйе қоғамдық дауларды шешіп, қоғамның бірлігін сақтау үшін қоғамдық жүйенің шектелуіне түседі. Кез келген қоғамның Саяси жүйесі оның тұрақтылығына жіне өміршеңдігіне кепілдік жасайтын механизмнің барлығын сипаттайды. Сол механизмдер арқылы әлеуметтік қайшылықтар мен жанжал тартыстар шешіледі, әр түрлі қоғамдық топтар ұйымдар мен қозғалыстардың қызметтері реттеледі, қоғамдық қатынастар үйлестіріледі, қоғамдық дамудың құндылығы, мақсаты мен бағыттары жөнінде келісімдер жасалады. Сол механизм арқылы қоғамдық құрылыстың негізіне қарсы күштердің әрекеті тойтарылады.
Қоғамның саяси жүйесін көрсетуде мына мәселелерді ұмытпаған жөн. Қоғамда саяси жүйе талаптардың және әлеуметтік топтардың мүдделер болған емес. Саяси жүйенің қалыптасуының өзі терең әлеуметтік себептерге, ондағы талаптар мен әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға байланысты.
Саяси жүйе функциялары, қызметі мынада: әлеуметтік және ұлттық құрылымдар, демографиялық және экономикалық процестер халықтың білім дәрежесі, қоғамдық сананың күйі,бүкіл рухани идеологиялық өмір. Халықаралық қатынас.Саяси жүйе үйлестіру және жинақтау (интеграция) қызметін атқарады.
Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделердің негізгі топтары анықталады. Қазіргі кездегі күрделі мәселе нарықтық экономикадағы, байланысты саяси жұмыстарды аңықтау болып табылады.