Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде «Ата мен әже-қазақы тәрбиенің бастау бұлағы» тақырыбында өткен пікір таласқа 21.10.2022
анықтама
Тақырыбы: «Ата мен әже-қазақы тәрбиенің бастау бұлағы»
Мақсаты: Ұлттық тәрбие құндылықтарын бала бойына қалыптастыру.
Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – алатаудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын , оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру , адамгершілікке , инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Өмірден көргені мен түйгені мол қариялар тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені ата мен әже баламен үлкен адамша сөйлесіп , әңгіме дүкен құрады . Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің қадірін біледі , орнымен сөйлеп , сөзді тауып , нақтылап айтады . Ата – әже немерелеріне ертегі , бесік жырын айтып , салт-дәстүрмен сусындатып өсіреді .
Қорытынды: Немере – шөберелеріне көне қисса – дастан , аңыз – әңгімелерін айтып ата – әжелеріміз арамызда әрдайым жүре берсін дейміз . Қойыны – қонышынан сан алуан ертегі төгілген дана қарияларымыз аман болсын .
Мектеп психологтары: Г.Е.Абдығапарова
Г.Р.Бейсенова
Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде «Отбасы және мектеп » топтық кеңеске 09.11.2022
анықтама
Тақырыбы: « Отбасы және мектеп »
Мақсаты: Отбасы сапасы , бала өмірі мен дамуының ортасы
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің , жағымды өнегелердің , мұралармен мен салт-дустүрлердің сақталуы . Отбасында бала алғаш рет өмірімен , қоршаған ортамен танысып , мінез-құлық нормаларын игереді . Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады . Отбасының басты міндеті бала тәрбиелеу . Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі . Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа , тіл алғыштыққа , еңбекке , мұқияттылыққа , жауапкершілікке ,әдептілікке үйретеді . Өйткені бала өмірінде еңбек , демалыс , ойын , үй тапсырмасын орындау , ұйқы бәОрі уақытылы болу керек .
Қорытынды: Отбасы – бірлік пен ынтымақтастық, бауырмалдылық белгісі . Тәлім , тәрбие бесігі . Ал мектеп білім ордасы . Мектепте баланың танымдық көз қарастары дамып , өмірге деген құштарлығы артып , білімге деген талпыныстары артады . Қорыта келгенде отбасы мен мектеп бала өмірінің маңызды бөлігі болып саналады .
Мектеп психологтары: Г.Е.Абдығапарова
Достарыңызбен бөлісу: |