Қорытынды: Оқушылардың орта буынға бейімделуі мен пәндерге деген көзқарастары анықталды және қорытындылары шығарылды. Мектеп психологтары : Абдығапарова Г. Бейсенова Г


Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің «Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіптік бейімделуіне психологиялық көмек»



бет2/4
Дата22.06.2023
өлшемі1,59 Mb.
#102985
1   2   3   4
Байланысты:
Жоспар проб

Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің «Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіптік бейімделуіне психологиялық көмек»
анықтама


Тақырыбы: « Жас және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіптік бейімделуіне психологиялық көмек »
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психалогиялық орта қалыптастыру. Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру , жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Мектебімізге келген жас мамандарымызға педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелікте қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірбиелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет. Қазіргі таңда мектепке келген жас мамандар жаңа технологияны жақсы меңгергенімен, теориялық білімі жақсы болғанымен, әдістемелік және психологиялық қолдауды қажет етеді. Жас маманға кәсіби өсуіне қолойлы жағдай мен қолдау қажет.
Қорытынды: Жас маманды психологиялық қолдау үшін баулушы тәлімгердің онымен жиі кездесіп, оқушылармен қарым-қатынас ережелерін, педагог этикасын үйрету керектігі айтылды. Ұжымда қысылмай өзін еркін ұстауға, әріптестерімен жақсы араласып, дос болып кетуге кеңес берілді.

Мектеп психологтары: Абдығапарова Г.


Бейсенова Г.
Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында өткен ашық есік күніне
анықтама


Тақырыбы: « Отбасы – бақыт мекені »
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық , қайырымдылық , достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Отбасы – әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі , оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды , адамгершілік әліппесі , кішіпейіл болу ізеттілік , сыйластық ,үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу керек сиақты тәжірбие жинақтайды. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап , құрметтеу керек. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.




Қорытынды: Отбасы-бақыт мекені атты ашық есік күніне орай жеке консультация алатын оқушылардың ата-аналарын шақырып, жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Жалпы сынып ата-аналарымен де топтық жұмыстар жасалды.

Мектеп психологтары: Г.Е.Абдығапарова


Г.Р.Бейсенова




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет