Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Основы психодиагностики /Под.ред. А.Г.Шмелева.-Ростов-н/Д.,1996.
2. Психологическая диагностика /Под.ред. К.М.Гуръевича.-Бийск, 1993
3. Общая психодиагностика /Под.ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина.-
М.,1987 С. 3-15.
4. БурлачукЛ.Ф.Психодиагностика..-СПб.,2003-С.44,45; 112-115
5. Психодиагностика: теория и практика./Общ. ред. П.Ф.Талызиной.-
М.,1986.-С. 23,71,124-155
6. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-
Спб.:Питер,2000-С.272
Жоспар
Кіріспе
1. Диагностикалық негізгі бағыттары
2. Психодиагностиканың кәсіби –әтикалық аспектілері
3. Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы
және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып
табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика»
дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің
болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім
қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу
жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу
жүйелерін тану болып табылады.
Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық
танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы
айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық
үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық
үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра
болжайды.
«Педагогикалық диагностика» ұғымын дұрыс түсіну үшін философия
мен психологиядағы диагностиканың жалпы теориясын қарастыруымыз
қажет. Өйткені педагогикалық диагностика философия мен психологиядағы
диагностикагың заңды жалғасы болып табылады.
Диагностиканың әртүрлі ғылым саласында пайда болуын тарихи
хронологиялық аспектіде қарастыратын болсақ, алғаш рет « диагностика »
термині антикалық дүниеде кездеседы.
|