Қорытынды Пайжаланған әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата18.10.2023
өлшемі104,49 Kb.
#118186
  1   2   3   4   5   6   7   8


Жоспар
Кіріспе
1. Психодиагностика туралы жалпы түсінік.
2. Психодиагностика және оның әдістері.
3. Психодиагностикалық мәселелер.
4. Психодиагностикалық әдістер және оның жіктелуі.
Қорытынды
Пайжаланған әдебиеттер


Кіріспе
Психологиялық ілім-білімдердің ілкі бастау, түп-төркіні ерте замандардан
бастау алатыны белгілі. Жан туралы ілім есте жоқ ерте дәуірлерде, ежелгі
дүние елдерінде (Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грекия т.б. ) пайда
болып, тіршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие, т.б. негізгі мәселелер
ретінде күн тәртібіне қойылып келген.
Жан мәселесіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Мәселен, жанға
байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп
кездеседі. Халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып
білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында
жанды көбіне психика ұғымының синонимі ретінде қарастыратынын да
ескеруіміз қажет.
Жан дүниесінің сан қилы теорияларын баяндау – сөз болғалы отырған 10
томдықтың басты мәселесі.
Мәселен, мұндағы бірінші томға кеңестік психологияның іргетасын
қалаушылардың бірі, маркстік психологияның Моцарты атанған
Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баяндайтын мәдени-тарихи
теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары
Мәскеудің “Педагогика” баспасынан шыққан автордың 6 томдығында
жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жоғары психикалық
функциялардың даму тарихы; 2. Жасөспірім педологиясы; 3. Жалпы
психологияның проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму
тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен
бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік
мәселелері қарастырылған.
Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін кеңес
психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой
әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді,
теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет