Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау
және есептеу дағдыларын дамыту
Кошикова М. Б.
Қарағанды қаласы
ЖББОМ № 66
295
бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана
емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру.Балалардың ойлауын
дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас
балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген
тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге
деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».Оқу материалы балалардың ойлау қабілеті
жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің
дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды сабақта талабын
шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін,саналы ойлана білуін, ой-өрісінің
дамуын,олардың іскерлігін дамытатындай болу ксрск. Оларды қиындыкты жеңе білуге,
төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті.«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі,
ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Логикалық
ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай
келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз
анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен
ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны
пікірлерде көрсетіледі.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде
ғалымдар А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектерінде нақты анықтама
берілді.Авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау,
саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп
есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады,
ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Ал
оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер
қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті. Жаңа буын математика
оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа лайықталған материалы,
негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады. Солардың бірі — балалардың
шығарамашылық іс-әрекетке бейімдеу мақсатын көздейтін, «Атамұра» баспасы бойынша
оқулықта жасыл түсті қоршауға, ал «Алматыкітап» баспасы бойынша әр сабақта қалыптан
тыс және қызықты жаттығулар, шығармашылық деңгейге арналған логикалық есептер,
тапсырмалар беріледі. Ол жаттығулар негізінен балалардың логикалық ойлау қабілетін,
ақыл-ойын дамытуды көздейді. Ондай жаттығуларды орындау барысында оқушылар
мазмұнға сәйкес объектілерді бақылайды, байқайды, салыстырады; сондай-ақ әр алуан ақыл-
ой іс-әрекеттерін орындайды, практикалық жұмыстар жүргізеді, зерделілік білдіреді,
ізденеді, болжам айтады және оны негіздеп беруге немесе дәлелдеуге талпынады,
математикаға деген қызығушылығын, ынта-ықыласын тудырады. Бұл жаттығулардың бәрі
арнайы жүйе қүрайды. Оларды орындай алмаған оқушыға білімінің көрсеткіші ретінде нашар
баға қоймайды, ал оны орындаған оқушыны мадактаған жөн.Қазақстан Республикасы
бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны
біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар міндетті және мүмкін
деңгейлер.Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті
материалдар жатады.Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен
үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті
емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын
материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалымен кеңейте және тереңдете
түсуге қызмет етеді,математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде
296
оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және
негізгі материалды терең меңгеруге көмектеседі.
Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған логикалық ойын-
ребус, сөзжұмбақ, қызықты әзіл-есептер, жұмбақ-есептер баланың ой-ақылын, дүниетанымын
кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа қызығушылығын
арттырады.
Мысалы:
1. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық
көкөністер қанша?(Шешуі: 5 көкөніс,апельсин жеміске жатады.) - 2 сынып.
2. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан терді.Айбек Торғынға өзінің
жаңғақтарының 4- еуін берді.Торғынның жаңғақтары қаншаға артық болды? (Шешуі: 8-ге
артық)- 2 сынып.
3. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стаканда
су көп? (бірдей).-2сынып.
Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың орны бөлек.
Мысалы:
1.1.Жанұядағы
ағайынды
2
жігіттің
әрқайсысының
1
апасы,1
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).
2. Қарындаштытең етіп 2-ге бөлгенде,неше қарындаш шығады?
3. Автобус оң жаққа бұрылғанда, ішіндегі жолаушы қайда бұрылады?
Логикалық жаттығулар:
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен
Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының
әкелерінің аты кім?
(Шешуі: Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)
2.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық
болады? (Шешуі: 8 аралық)
3.Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен
жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда
төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)
Қызықты әзіл-есептер:
1.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға,5 қадам
оңға,қайтадан 4қадам солға,11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды? (Шешуі: кәрі
еменнің түбіне)
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл
қалай?
3.10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойланды. Егер менің шашым
айына 1 см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді?
(Шешуі: 120 см)- 4 сынып.
Есептеулерді жылдам орындаудың кейбір тәсілдері:
АВС Осы есептегі А,В,С орнына 0 мен 9 арасындағы сандарды тауып
АВС қойыңдар. Сонда В-ның орнына қай сан сәйкес келеді.
АВС (Шешуі: В-9, А-1, С-8)
Міне, осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге дегенқызығушылығы
артады. Дүниетанымы кеңейеді,жылдам есептеу шеберліктері артып, білім сауаттылығы күшейеді.
Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын
арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар логикалық
есептер, ойын есептер, ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті шығарғанда кеткен
қатені табу, есепті бірнеше жолмен шығару, өздігінен есеп құрастырту кіреді.
Есепзерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу
тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді шығару арқылы
297
оқушы дұрыс ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.
Логикалық есеп дегеніміз - арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына
өзінше талдау жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Математикадан бастауыш сыныпта
өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны
жасытпай, қайта жігерлендіріп, математикалық инициативасын арттыратындай, түсіндірілуі
жеңіл, тұжырымдалуы қыска болғаны жен.
Логикалық есептер сан алуан болғанымен, төмендегідей ортак қасиеттері бар:
1. Логикалық есептердің шешу жолы белгісіз. Олардың шешіміне жету
«ойдың броундық қозғалысы» тәрізді, яғни байқап көру, қателесу әдісімен
іске асады. Байқап көру арқылы іздену жеке жағдайларда негізгі шешімге
бастайтын тізгінді қолға ұстатады.
2. Логикалық есептер оқушының пәнге қызығуына, белсенділігіне негіз
болады. Есептің сюжетінің шешілу жолының әдеттен тыс болуы бала
көңіліне әсер етіп, қайткенде де оны шығаруға итермелейді.
3. Логикалық есептер ойлау заңдылықтарын білуге негізделіп жасалады.
Міне, осындай есеп түрлерін жүйелі түрде қолдану аталған ойлау операцияларын
дамытуға, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруга жагдай жасайды.
Логикалық есептерді шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша
болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады.
Тапкырлық -шығармашылықтың ерекше көрінісі, ол талдау, салыстыру, жалпылау,
байланыстарды анықтау, ұқсастыру, тұжырымдау ой корыту нәтижесінде байқалады. Ал
аңғарымпаздыктың белгісі нақты жағдайды ой елегінен өткізіп, өзара байланыстарды
анықтай білу, соның негізінде есеп шығарушы
бір тұжырымға келіп, ойын топтайды.
М: Есеп № 1. 5 оқушы 5 жұмыртқаны 5 минутта пісірді. 10 оқушы 10 жұмыртқаны
неше минутта пісіреді? - оқушы ойланбастан 10 минутта деп жауап берді. Мақұл деймін. Ал
сонда 100 оқушы 100 жұмыртқаны қанша уақытта пісіреді? сасып қалған олар ойланыңқырап
тұрып, кешірерсіз, адам және жұмыртқа саны қанша болса да бәрібір пісу уақыты 5 минут
екен - дейді.- 4-сынып.
Есеп № 2.Ересек адам жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта неше литр
қан айналдырады? 1 тәулікте ше? Оқушылар алдымен сағатты және тәулікті минутқа
айналдыру керек екенін тапты. Демек, 1 мин - 5л
1 тәул - ? 1 тәул = 24сағ = 1440сағ.
Жауабы: 1 сағ – 300 л
1 тәул – 7200 л қан.
Есеп № 3. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шабактан
екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі. Барлық ұсталған
балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша сазан көп болмауы керек, сондықтан ;«соңғы» ретте,
әрине сазанның санын аламыз. Айталық, балықшы бір ғана сазан ұстады дейік, онда шабақ -
үшеу, бекіре алтау, ал шортан отыз бір болып, есептің шартына қайшы келеді. Енді сазаннан
екеу болсын дейік, онда шабақ - алтау, бекіре он екі, ал шортан - жиырма бір. Бұл да есептің
шартына сай келмейді. Ендеше үш сазан ұстады дейік, бұдан шабак тоғыз, бекіре он сегіз, ал
шортан - он бір. Енді төрт сазан ауланды делік, яғни шабак он екі, бекіре жиырма төрт,
шортан - біреу. Сонымен есептің екі жауабын алдық.
1)
3 сазан, 9 шабақ, 18 бекіре, 11 шортан.
2)
4 сазан, 12 шабақ, 24 бекіре және бір шортан.
Есеп № 4. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан-
Асқар мен Мұраттың кыздары. Айжанңың Асқардың кызынан үш жаскішіболса,бұлардың
әрқайсысының әкелерінің аты кім?
298
(Жауабы: Айжан - Мұраттың қызы.
Маржан - Асқардың қызы.)
Есеп № 5.Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта окиды.
АбзалАрманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Ьұл үидің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
Шешуі:Есептің шартын оки отырып, теңсіздік жазамыз.Абзал Арманнан кіші
емес, ал Аян Абзалдан кіші емес болса, Абзал > Арман. Аян >Абзал. => Аян > Абзал.
Осыдан ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал екендігін табамыз.
Есеп № 6. Қолына 4 литрлік ыдыс беріп,Әлібиден шешесі 3л сүт сатып әкелуін өтінді.
Ал сатушыда бір бөшке сүт және 5 литрлік ыдыс ғана болып шығады. Осы екі ыдыстың
көмегімен сатушы қалай үш литрді өлшеп бере алады?
Шешуі:Әуелі 4 литрлік ыдыспен сүт алады да, ол сүтті 5 литрлік ыдысқа құяды, 4
литрлік ыдыс босайды. Тағы да 4 литрлік ыдыспен сүт алып, 5 литрлікті толтырады, сонда 4
литрлік ыдыста 3 литр сүт қалады.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды
түсіндіру;
Есептегі нақты затты ауыстыру;
Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған
ойлау қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске
белсене араласатын азамат қалыптасады.
Әдебиеттер:
1.
Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002. – 415 бет.
2.
Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
3. Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2012. 135
бет.
4. Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау
технологиясы. – Алматы, 2005. - 72 бет.
5. Глазырина Л.Л.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық
ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы (2,3,4 сыныптар). «Келешек
- 2030»ЖШС, 2010.
Инновационный менеджмент в управлении педагогическим
процессом в условиях сельской школы
Амирханова Г. Н.
Павлодарская область
город Аксу КГУ «Средняя школа села
Уштерек Евгеньевского сельского округа»
В настоящее время каждая школа все в большей степени приобретает свое
собственное лицо, поэтому и потребности у педагогических коллективов становятся все
более разнообразными, требующими квалифицированного научного подхода к их решению
Поскольку, весь мир сегодня живет по принципу «обучение через всю жизнь»,
естественно, учителю не только необходимо знать о тех изменениях, которые происходят в
социальной жизни и в образовании, но и быть подготовленным к пониманию сущности
опережающих функций образования в современном обществе.
299
Мы стараемся чтобы наши дети учились в школе, где учатся быть счастливыми,
поэтому главная задача педколлектива создать условия для развития потребностей в знаниях
и становлении личности. И главными приоритетами нашей школы являются четыре
ключевых компонента, без которых никаких гарантий качественного образования просто
быть не может: И один, из этих приоритетов, ученик должен учиться у квалифицированного
педагога, ориентированного на результат деятельности. Почему потому, что именно
кадровый потенциал остаётся единственным неиссякаемым ресурсом и опыт показывает, что
значительный резерв повышения качества знаний, успех сдачи и подготовка учащихся к
ЕНТ зависит в первую очередь зависит от личности учителя, его профессионализма, от его
профессиональной готовности к новой форме проверки знаний, получению прочных знаний
и умений.
И на сегодняшний день, это вполне достижимо, потому что у нас в школе работают
40 учителей, 90% учителей, это специалисты высшей и первой категории, 14 учителей
прошли 3-х уровневые курсы (1-5уч, 2 ур-3, 6-3ур).
И одним из направлений помощи педагогическим коллективам в решении этих
вопросов может стать организация корпоративного обучения – повышение квалификации
«по интересам», на рабочем месте, непосредственно в школе. Корпоративная форма
образования, которая в этом случае приобретает функции внутришкольного образования,
дает возможность, используя миссию и цели организации, ставить задачи, значимые для
конкретного коллектива.
С января 2014 года наша школа КГУ »Средняя школа села Уштерек Евгеньевского
сельского округа г. Аксу Павлодарской области» является инновационной пилотной
площадкой по внедрению корпоративной формы образования, это новая форма, по введению
и реализации повышения эффективностиработы каждого педагогического работника в
школе, т.е на рабочем месте.
Мы являемся одной из 4 школ по области, которые вошли в данный проект.
Почему возник у школы такой интерес к новой форме образования. В большой
степени это продиктовано требованиями времени и особенностями функционирования
нашего учреждения,в этих условиях особое внимание может и должно быть обращено к
кадровому потенциалу Именно кадровый потенциал остаётся единственным неиссякаемым
ресурсом, который есть у каждой школы Мы как и все учреждения используем одну из
форм повышения квалификации курсовую подготовку учителей Так как сельские школы в
основном, малокомплектные то одновременный выезд на курсы нескольких педагогов
нарушает образовательный процесс, что отрицательно сказывается на предоставлении
образовательных услуг.
Преимуществами корпоративного обучения перед традиционными формами
повышения квалификации являются такие, как:
– возможность гибкого реагирования на меняющуюся ситуацию в образовании;
– постоянный характер обучения, т. е. повышение квалификации на рабочем месте
осуществляется непрерывно в течение всей профессиональной карьеры учителя;
– возможность осуществления не только предметной переподготовки учителей, но
также и метапредметной;
– возможность организации командной работы учителей;
– возможность распространения ценного опыта отдельных учителей по
приоритетным направлениям развития системы образования;
– постоянное повышение квалификации всего коллектива школы, а не только
отдельных педагогов;
– оказание непрерывной квалифицированной методической помощи конкретным
учителям по решению конкретной проблемы;
– возможность в большей степени учитывать особенности как самого учителя, так и
образовательного учреждения, в котором он работает;
300
- активизация внутришкольной кооперации за счет обмена опытом между коллегами;
- развитие соответствующего "духа школы";
- и как правило, меньшие расходы и лучшие возможности контроля.
Таким образом, в методических принципах корпоративного (внутришкольного)
обучения педагогов учитываются, прежде всего, условия деятельности образовательного
учреждения, реальное состояние динамики изменений, связанных с процессом
модернизации, имеющиеся в школе административные, исследовательские и другие ресурсы.
Прежде всего я, как руководитель и администрация школы начинаем свою работу с
выявления общих позиций коллектива.
-совместно выявляются общие цели и условия проведения семинаров, педсоветов;
-обсуждаются
вопросы,
важные
для
развития
образовательной
среды
образовательного учреждения;
- согласовываются основания и направленность встреч: степень представленности в
них содержания с изменений, происходящих в казахстанском образовании в целом, в
школьном образовании, в отдельных его аспектах и т. д.;
-выявляется степень заинтересованности учителей в групповой работе;
- определяется заинтересованность учителей в решении общешкольных проблем;
- осуществляется обмен опытом отдельных учителей и выявление возможности его
использования для расширения образовательной среды образовательного учреждения;
- обсуждаются возможные проекты, которые станут результатом работы ;
Учителя включаются в создание дифференцированной и многовариантной системы, в
основе которого лежит неформальное общение.
Таким образом, в условиях корпоративного обучения происходит включение таких
«механизмов», которые обычно ускользают от внимания : особая значимость для каждого
участника того результата, который они получили в процессе коллективной деятельности.
А отработка теоретических вопросов, апробация моделей, форм и методов обучения
данного инновационного процесса, осуществляетсячерез педагогические советы, открытые
уроки, творческие отчёты, проведение школьных конкурсов педагогического мастерства,
предметных декад, мастер-классов, конференций, конкурсов профессионального мастерства
ит.д
Опыт коллектива учителей школы – это не только осмысленный результат, но и
эмоциональное переживание смысла общей деятельности, своего рода включенности
каждого в контекст жизнедеятельности коллектива.
Таким образом, можно сказать, что в результате корпоративного обучения, помимо
профессионального роста
учителей,
появляется
возможность
создать
команду
единомышленников, выращивать специалистов в своей школе.
Важным «побочным» эффектом внутришкольного образования можно считать
улучшение отношений в коллективе, повышение информированности членов коллектива о
работе своих коллег, улучшения отношений в коллективе.
Успешность реализации корпоративной системы повышения квалификации на уровне
нашей школы подтверждается тем, что в результате совместной деятельности удавалось
создать такие «продукты» по информированию, по оказанию методической помощи, как:
-альманах методических рекомендаций
Только в этом году мы провели на уровне области 12 областных семинаров,--4 мастер
класса, для учителей и руководителей школ по обновлению содержания образования.
Наша работа в пилотном проекте позволило продолжить сегодня участвовать в
международном научно-исследовательском проекте по "Совершенствованию содержания
среднего образования Казахстана в контексте современных реформ", который проводит
Высшая школа образования Назарбаев Университет, центр образовательной политики
Назарбаев интеллектуальная школа г. Астаны в сотрудничестве с Кембриджеским
301
Университетом, где совместно с ними в коллективе школы были проведёны 6 практических
семинаров по теме «Процесс исследования практики в действии».
Всем участникам (40 учителей) семинара были вручены сертификаты
международного уровня «Білім беру реформасы және интернационалдандыру;
Қазақстандағы мектеп» 38 - Учителей получили сертификаты I модуля Республиканского
проекта « Методология и методика внедрения корпоративного обучения в организациях
образования »
Вся эта комплексно-целевая, системная работа школы по повышению качества
учебно-воспитательного процесса позволила добиться в течении ряда лет высоких
результатов средний показатель свыше 95 баллов по итогам ЕНТ, а в 2016 году средний
балл -102,7.
И в заключении хочу сказать , что качество учебно-воспитательного процесса
напрямую зависят от того, насколько системно построен учебный процесс в школе,
насколько тесно взаимодействуют педагоги , родители и дети, умение приводить в действие
все рычаги находящиеся у нас руках, найти оптимальное соотношение взаимных действий
всех частей школьного коллектива направленных на решение поставленных задач.
Список используемой литературы:
1.
Сборник статей Республиканского педагогического чтения работников образования
«Профессиональный рост педагога как условие обеспечения нового качества образования», Алматы 2013г.
2.
Научно-педагогический журнал министерства образования и науки РК. «Қазахстан мектебі»,
2015г.
3.
Справочник руководителя образовательного учреждения, 2015г., 2016г.
4.
Управление современной школой «Завуч», 2015г. 2016г.
5.
Справочник заместителя директора школы, 2015г. 2016г.
Тәрбие мен білім - егіз
Наурузбаева А. Е.
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
№2 жалпы орта білім беру мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімде ұл - қыздардың дені
сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік
мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы
мен әсерін өмірдегі еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата - ана
тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы - өмірге сәби әкеліп,
оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке
ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты
тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді
шешеді.
- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты
қалыптастыру.
302
-еңбек сүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын
арттыру, өзіне - өзі қызмет етуге үйрету.
- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрысқарым - қатынас жасауға, үлкенге құрмет,
кішіге ізеткөрсетуге үйрету .
- Әдебиетке, мәдениетке, өнергетәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала
дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие
беріледі.
« Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің
мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате
көзқарасын өзгерт уөте қиын. Осы кезде
«Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге
көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.
Ұлы педагог А. С. Макаренко : «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата
– ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала
санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың
қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен
жойылады» деген.
Отбасы - барлығының басы, жан жақты даумуының негізі болатын тәрбие
институты. Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде,
адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен
шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс.
Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұстасы қылды,
не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А.Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата –
аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір
ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа
технологияларды пайдалана отырып, ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында
жұмыс жасаса, ата - ананың мектепке, ұстазға деген көзқарасы өзгеререді.
Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
-
Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
-
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
-
Ата -аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
-
Бала өміріне қолдау жасау.
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата - ананың өміріндегі тұрақтылықпен болашаққа
деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие
жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата -
аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әртүрлі формалары қалыптасып,
жемісті түрде қолданылуда. Олар ата - аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар
жүргізді.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық
сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан
болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу
ұстаздардың міндеті .
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін
біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы
мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата- аналардың ұсыныс -пікірлерін,
ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен
бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған
303
тиімді. Себебі, ата –аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне
байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс -
пікірлермен санаса отырып ата - аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар,
консультациялар, сұрақ -жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі
конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс - тәсілдері
қарастырылады. М. Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі
ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», тәжірибе ұлы жазушымыздың
сөзінің құдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу,
ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата - аналар және топ жиналыстарына ата-
аналарды тартудың қажеттілігі:
* Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
* Ата-аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу
жоспарларымен танысады;
* Ата- аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы
бар екендігін сезінеді,
Мектеп ұстаздары ата - аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау
барысында төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек;
Бір -біріне көңіл бөлу, тыңдау, сыйлау, көзбе- көз қарау, тиімді орынды таңдау, әзілді
сезіну, ұрыс-керістен сақтану.
Сонымен қатар ата - аналарға ұстаз сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне
байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
Сиқырлы сөздер айту;
Баласының жетістігін айту
Сенімді болу
Көңіл - күйіне қарау
Намысына тимеу
Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)
Қарапайымдылық
Пікірін сыйлау
Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары
* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді;
* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне
байланысты болады;
* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді
ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
* Баланың дамуы туралы ақпарат ата -аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге
асыруға ықпал етеді;
* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігін ек өзі жеткенде ғана, қоғамдық
жұмыстарға белсене араласады;
Ұстазбен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;
* Ата – анамен баланың орта ққарым – қатынастары жөнінде кеңес беру;
«Таным» ата-аналар мектебінің жұмысымен танысу
«Таным» ата-аналар мектебі
Ата -аналар клубы
« Мектептегі немесе сыныптағы, отбасындағы кездесетін қайшылықты жағдайларды
шешуге арналады»
304
Тақырыптық кеңес «ата- аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе
жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту»
Педагогикалық семинар отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға
сынып жетекшілер де, ата-аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет.
Шығармашылық кештер
Мектепішілік және сыныптық болып, озық қабілетті, танымал ата - аналарды үлгі
тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Топқа ата-аналарды тартудың қажеттілігі
* Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады.
* балалар маңызды жетістіктерге жете алады.
* балаларға отбасы мен мектеп байланысын сезіну ұнайды.
* сынып жетекшіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады, жекелеп оқыту
мүмкіндігі туады
* ата - аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар
екендігін сезінеді
* ата-аналар мектептегі оқыту - тәрбие жоспарларымен танысады.
Бала ата-ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін
тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.
Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын
ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде
отбасының, мектептің алатын орны бар.
Ата-ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған -туыс, Отан, Қазақстан деген
ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
Ата -ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты
өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай
жасауына әрбір ата-ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Document Outline
Достарыңызбен бөлісу: |