Орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы.Ормнды қорғау қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның жергілікті жерлердегі аумақтық органдарымен жүзеге асырылады.
Орманды қорғау
Орманды қорғау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық шараларға: орманды мемлекеттік есепке алу және кадастр жүргізу; орман иониторингін жүргізу; мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру; орманның жай-күйін, пайдаланылуын, қорғау мен қалпына келтірілуін бақылау жатқызылады.
Ормандарды күзету
Ормандарды күзету - орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттiк орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орманқорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар үшін келесідей заңды жауапкершіліктердің түрлерін туындатады: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық (материалдық) және тәртіптік. ҚР орман кодексі 113-бапта орман заң бұзушылықтарының тізімін бекітеді. Олар:орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;