Орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 3.12.2003 ж. No1241 «2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі Тұжырымдамасы туралы» Жарлығында,
«Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.12.2004 жылғы No1278 қаулысында бекітілген.
Орман қоры
Орманды қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды жалпы құзыретті мемлекеттік органдар (ҚР Үкіметі; ҚР Президенті, жергілікті атқарушы органдар) және арнайы құзыретті органдар (ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және оның жергілікті жерлердегі амақтық органдары ) жүзеге асырады.ҚР Орман кодексінің 6-бабы бойынша, Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды.Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.