Қозғалмалы құрамды жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері. Тракторларға және күрделі ауылшаруашылық машиналарға күтім жасау мен жөндеу жүргізу арнайы шеберханаларда, көтергіш құралдары бар қажетті аспаптармен, құралдармен жабдықталған орындарда атқарылуы тиіс. Стендтер, аспаптар, басқа да құралдар жарамды, қауіпсіз болуы қажет. Машиналардың жұмысшы мүшелерін ауыстырғанда олардың астына тіркеу қойылуы тиіс. Станоктарда жұмыс жасаған кезде төмендегідей ережелер сақталуы тиіс:
-станоктар жерге жақсы бекітілген болуы керек;
- станоктарды орналастырғанда олардың арасынан адам еркін өте алатындай болуы керек;
- жұмыс орны таза болып, металл қалдықтары шашылмауы тиіс;
- станоктың қайысты, шынжырлы берілістері қоршалуы қажет;
-станоктар металл жаңқаларының ұшуынан сақтайтын қорғану экрандарымен жабдықталуы тиіс;
-жұмыс алдында станоктың майы, суы, жерге тұйықталуы тексеріледі;
-айналып тұрған патронға қол тигізуге, тетікті өлшеуге болмайды;
-станокты жүргізуші бас киіммен, арнайы киіммен жұмыс жасауы тиіс;
-автомашиналарға техникалық қызмет жасап, жөндеу кезінде әр машинаның арасында 1,2 м ашық жол болуы тұрған орындарында астын көретін шұқыр және көтергіш құралдар болуы тиіс.
Автомобильдерді жөндеу алдында тазартып жуу керек. Қозғалтқыштың түтінін далаға шығару үшін құбырлармен жабдықталады.
Ресорларды, баллондарды ауыстырғанда машинаны көтеріп, тиянақты тіреуге қою керек. Самосвалдардың қорабын көтеріп, тіреуіш қою қажет.
Жөндеуді бітіріп, машинаны жүргізер кезде оның астын және жан-жағын жақсылап қарап, адам, яки басқа заттардың болмауын қадағалау қажет.
Металдарды пісіргенде одан зиянды газ, бу, сәуле энергиясы және майда шаң бөлініп шығады. Мұның бәрі адамға зиян. Сондықтан пісірушілер қараңғы көзәйнекпен, дулығамен, брезент киіммен, қолғаппен жұмыс істеуі тиіс. Пісіру жұмыстары жасалатын жер бөлек қоршалады және тартқыш-желдеткіш шатырлармен жабдықталады.
Пісіргіш агрегатты жерге тұйықтайды, ал кабельдің ішінің оқшаулағышы бүтін болуы тиіс. Құбырлардың, бактардың ішіне кіріп жұмыс істегенде пісіруші ток өткізбейтін кебіс пен төсеніш пайдаланады. Пісіруде ацетелен балонынан метр, газогенератордан метр жақынға от жағуға, шылым шегуге болмайды.
Қара майды бөшкелерде, цемент, гипс, әктерді жабық ыдыстарда сақтау керек.
Жұмыс істейтін барлық машиналар мен механизмдерді дыбысты сигналмен жабдықтау керек.
Арналарды түрлі өсімдіктерден тазарту жұмысын көктемде, күзде атқарады. Арна тазартқыш машиналардың жанына адам жақын тұруға болмайды.