Электр тогына түскен адамға дәрігерге дейінгі алғашқы көмек.
Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:
1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып, зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне қарай оған көмек көрсету керек.
Электр тоғы жергілікті және жалпы әсер етеді. Тоқтың әсер еткен орнында айналасу қызарусыз және ауырмай күйік пайда болады. Жеңіл түріндегі жалпы реакция қорқынышта, қозуда немесе тоқталып қалуында, жүрек соғында, артимияда білінеді. Ауыр электржарақатында ми, жүрек, тыныс алу қызметі бұзылады, олар тоқтағанша және өлімге дейін болуы мүмкін.
Электр тоғын соққан кездегі көмек
Ең алдымен, зиян кешкенді тоқ көзінен босатып алыңыз – зиян кешкеннен құрғақ ағаш (тұтқа, швабра, оқтау), резеңке кілемше немесе басқа да изолирлеуші материал көмегімен электр сымын итеріп жіберіңіз. Өз қауіпсіздігіңіздің шаралары туралы ойлаңыз!
Егер жүрек қағысы сақталсағ ал тыныс алу болмаса - өкпенің жасанды вентиляциясын бастаңыз (ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға). Жүрек қағысы болмаса - өкпенің жасанды вентиляциясымен үйлесе жүрекке тура емес массажды бастаңыз (2 дем беру 15 кеудені басу). Ережедегідей, кеуденің орта кезіне қатты басу және жүректің сыртқы массажын жасауды жалғастыра жүрек жұмысын жалғастыруға болады (Кенеттен өлім кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдемді қара). Жүрекке дұрыс массаж жасаудың көрсеткіші ұйқы артериясындағы тамыр соғулары, қарашықтың кішіреюі және өздігінен дем ала бастауы болып табылады. Жүрек қғысы мен дем алысы басталғаннан кейін науқасты ауруханаға жеткізу керек.
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЭЛЕКТРОЗАҚЫМДАНУ (электротравма).
Электротогымен зақымдану пайда болады:
1. Екі ашық электросымды үстау.
2. Бір сымды үстап суда немесе ылғалда тұрсаңыз.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Бөлмеде электр қуатын түгел айырып, тоқтан шнурды айырып қою керек.
2. Егер бұл мүмкін болмаса:
Өзінді токті өткізбейтін материалға (резинадал жасалған коврик, құрғақ ағаш тақтайға, қалың қағаздар) тұрып сақтау.
Электр тогын өткізбейтін материалды қолданып, жарақаттанған ауруды алып шығу.
Жарақатталған адамды қауіпсіз жерге алып кету.
3. Егер ток адамға әлі әсер етіп жатса ағаш тақтайға немесе құрғақ киімге тұру керек, қолды құрғақ матаға орап, қалған матамен жарақаттанған адамды шығару керек.
4. Содан кейін егер жарақаттанған адам ессіз болса, оның жағасын, түймесін ағытуы керек.
5. Нашатыр спиртпен иіскету.
6. Жедел жәрдемді шақыру.
Қауіпсіздік техникасы.
Үйден тыс жерлерде де электр энергиясын пайдаланады. Статистикалық мәліметтерге қараңғанда электр жарақатының үштен біріне жуығы адамдардың салбырап тұрған немесе үзілген өткізгішке жаңасуынан болады. Үзілген немесесалбырап тұрған өткізігішке жанасу, сондай-ақ желіден үзіліп жерге түскен өткізгішке 5-8 метірдей жақындаудың да қауіпті екендігін есте сақтаған жөн.
Егер электр сымы үйдін шатырына тиетін болса, өзін жөндеуге әрекет етуге болмайды. Мұндайда дереу электрмонтерді шақырып, ол келгенше қауіпті учаскеге күзет қойған жөн.
Электр берілісінің аспалы желісінің үстіне ешқандай құрылыс салуға, материалдар қоюға, радио мен телевизиялық антенналар орнатуға болмайды.
Кейбір жас жүргізушілер немесе слесарь-жөндеуші мамандығын алған кезде электр қауіпсіздігі жөнінде оқыған азын-аулақ білімін жеткілікті деп есептеп, электр өткізгіштін немесе электр аппаратураларының ақауын өздері түзетуге әрекет етеді. Мұндай ойлау өте қате электр қауіпсіздігі жөніндегі ережеде электр қондырғыларына қызмет көрсету өте қауіпті жұмыс деп саналады, сондықтан кез келген электр қондырғыларының ақауын түзету, жөндеу оны жеке білетін электрмонтерлерге ғана жүктеледі.