«Қоршаған орта мен еңбекті қорғау»


Пайдалану жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі



бет35/49
Дата22.09.2023
өлшемі485,86 Kb.
#109872
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
« орша ан орта мен е бекті ор ау»

Пайдалану жұмыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі

«Арнайы жұмыстар» қауіпсіздігі бойынша қосымша талап қойылатын жұмыстарды орындауға жіберілетін адамдардың біліктілік куәлігінде жазу болуы тиіс.


Арнайы жұмыстарға мыналар жатады:
1) жоғары өрмелейтін жұмыстар;
2) тоқ жүретін бөліктердегі кернеуі бар жұмыстар: тазалау, оқшаулағыштарды ауыстыру, жуу және қыспақтарды жалғау, тростарды майлау;
3) құдықтарда, шурфтарда, қазылған жерлерде және тереңдігі 2 метрден асатын қазан шұңқырлардағы жұмыстар;
4) қысым қатысында жұмыс істейтін ыдыстарды жөндеу: жоғарылатылған кернеу жабдықтарын (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа) сынау.
Электр станцияларының және қосалқы станциялардың жұмыс істеп тұрған электр жабдықтары бар (басқару, релейлік және соған ұқсас қалқандарды қоспағанда) үй жайларда, жабық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – ЖТҚ) және ашық тарату қондырғыларында (бұдан әрі – АТҚ), құдықтарда, туннельдерде және орларда болатын, сондай-ақ ӘЖ қызмет көрсетуге және күрделі жөндеуге қатысатын барлық персоналға қорғаныс каскаларын пайдалану қажет.
1000 В-тан жоғары электр қондырғыларындағы кезекші жұмыскерлер немесе электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін жедел-жөндеу персоналына және ауысым бойынша аға жұмыскер IV топты, қалғандары ІІІ топты иеленуі тиіс.
1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы кезекші жұмыскерлер немесе электр қондырғыларына жеке өзі қызмет көрсететін жедел-жөндеу персоналы III тобын иеленуі қажет.
Электр қондырғыларында кернеулі қоршалмаған тоқ жүретін бөлшектерге адамдардың, жүк көтергіш машиналарының, механизмдердің осы Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аз ара қашықтықтан жақындауына тыйым салынады.
Электр станциялары мен қосалқы станцияларындағы электр қондырғыларын кезекшіліктен немесе жедел-жөндеу персоналы кезекшілікте тұрған III топтағы бір адам ғана немесе әкімшілік-техникалық персоналына V топтағы жұмыскер де қарауды жүргізе алады.
Осы электр қондырғыларға қызмет көрсетпейтін жұмыскерлерді тек 1000 Вольттан жоғары электр қондырғыларындағы IV топтағы немесе 1000 Вольттағы кернеуліктегі электр қондырғыларындағы III тобы бар кезекші мен жедел-жөндеу персоналының не жеке өзінің тексеруге құқығы бар жұмыскердің бірге жүруімен ғана жіберуге болады.
Бірге ілесіп жүруші электр қондырғыларына жіберілген адамдардың қауіпсіздігін қадағалап отыруы қажет және Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген аз қашықтықтағы тоқ жүретін бөліктерге оларды жақын келмеуі туралы ескертуге міндетті.
1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын тексеру барысында қоршаумен немесе тосқауылмен жабдықталмаған бөлмелердегі тоқ өтетін бөлшектерге осы Қағидалардың 4-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілгеннен аз ара қашықтықта жақындауға тыйым салынады. Қоршалған жердің есігін ашуға және тосқауылдан немесе қоршаудан асуға тыйым салынады.
1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларын тексеру барысында қалқандардың, басқару пульттерінің және басқа да қондырғылардың есіктерін ашуға болады. Тексеру барысында кез келген жұмыс түрлерін орындауға тыйым салынады.6-35 кВ электр қондырғыларында жерге тұйықталу барысында жерге тұйықталған 4 метр ара қашықтықта жақындау, ал ЖТҚ 8 метр ӘЖ жақындау тұйықталуды жою немесе кернеуге түскен адамды босату мақсатында жедел қосып-алуға ғана рұқсат беріледі. Бұл ретте электр қорғау құралдарын қолдану керек.
1000 В-тан жоғары ажыратқыштарды, бөлгіштерді қол жетекпен қосып-алу жұмыстарын диэлектрикалық қолғаптар киіп орындау керек.
Сақтандырғышты алу немесе қайта орнату жұмыстары тек кернеуді ажыратқаннан кейін ғана орындалады.
Кернеуде, бірақ жүктемесіз жалғауларда тұрған сақтандырғышты алуға немесе орнатуға, егер схемада кернеуді алып тастауға мүмкіндік беретін коммутациялық аппараттар жоқ болғанда жол беріледі.
Екінші тізбектерінің, жарықтандыру желілерінің және кернеу трансформаторларының сақтандырғышын жүктемемен ауыстыруға болады.
Кернеудегі сақтандырғышты орнату мен алу барысында мыналарды:
1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында диэлектрикалық қолғап киіп оқшаламалаушы қармауышты және қорғау көзілдіріктерін; 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында оқшаламалаушы қармауыш, қорғау көзілдіріктерін және диэлектрикалық қолғаптарды пайдалану қажет.
Коммутациялық аппарат жоқ болғанда, 1000 В-қа дейінгі жинақтар мен қалқандарда тік орналасқан фаздарға жалғанған сақтандырғыштарды жүктемеде алуға және орнатуға болады. Бұл жағдайларды көз қорғау құралдарының орнына, бетті қорғайтын құралдар пайдаланылады.
Электр қондырғылардың, камералардың, қалқандар мен жинақтардың, есіктерін жұмыс жүргізіліп жатқан камералардың есіктерінен басқа, құлыппен жабу керек.
Қосалқы станциялардағы, қайта тұйықтау пункттеріндегі және басқа құрылғылардағы қоршауы, ағытқыш жетектері жоқ мачталық трансформаторлық қосалқы станциялар трансформаторлары, сондай-ақ қызмет көрсету алаңдарында стационарлық баспалдақтар құлыппен жабылуы тиіс.
1000 В-тан жоғары электр қондырғыларының (ЖРҚ, КТҚ, АТҚ камералары мен бөлмелері), сонымен қатар 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларынан тыс орналасқан 1000 В-қа дейінгі жинақтар мен тарату қалқандарының кілттері кезекші персоналдың есебінде болуы керек. Жергілікті кезекшісі жоқ электр қондырғыларында кілт әкімшілік-техникалық персоналда болуы керек.
Кілттер бекітілетін жәшікте сақталады. Кілттің бір жинағы қосалқы болады.
Кілт мыналарға:
1) барлық үй-жайлардан жеке тексеруге құқы бар жұмыскерге;
2) рұқсат беру кезінде жұмыс жедел-жөндеу персоналдарынан жіберілген тұлғаға, басшыға және жұмыс істеу қажет үй-жайдан қадағалайтын жұмысты өндірушіге қолхатпен беріледі.
Тексеру немесе жұмыс аяқталғаннан кейін кілт қайта қайтарылуы қажет. Жергілікті кезекшілік персоналынсыз электр қондырғыларында жұмыс істеу барысында келесі жұмыс күнінің аяғында тексеру немесе толық жұмыс уақыты аяқталғаннан кешіктірмей кілттер қайтарылуы тиіс.
Электр желілер кәсіпорындарындағы ТҚ жедел қайта тұйықтауға құқығы бар персоналға, сондай-ақ жедел-жөндеу мен өзі тексеруге құқы бар әкімшілік-техникалық персоналға кілтті ұзақ мерзімге беру қажеттігін кәсіпорынның техникалық жетекшісі айқындайды.
Кілттерді беру мен қайта алу еркін нысанда немесе жедел журналда жазылуы қажет.
Жазатайым жағдайлар барысында зардап шегушіні электр тоғының әрекетінен босату үшін алдын-ала келісусіз кернеуді дереу алады.

34 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет