Көрнекі құралдармен өткен ұйымдастырлған оқу әрекетінің тиімділігі 1 суретте берілген.
1 сурет
Баланы ауызша сөйлеуге үйрету түрлері 2 суретте берілген
2 сурет
5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктері Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым –қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл –ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі – дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын атқарады.
Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім –тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.
Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен [7]. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.
Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
А.Байтұрсынұлы психология ғылымы саласымен де өзіндік пікірлерімен дараланады. Мәселен, тек «Әдебиет танытқышының» өзінде ғана осы ғылымға қатысты толып жатқан ой-пікірлер мен салиқалы түйіндер баршылық. Мұндағы «Көрнекі өнері», «Сөз толғау», «Ес ұғымы», «Іс ұғымы», «Зейіндеме» атаулар мен ұғым-түсініктерде, сондай-ақ оның жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, тақпақ, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтық психологияның теориялық қисындары үшін іздесе таптырмайтын әдістемелік қазық боларлықтай түйсіндері мол. Ғалымның тіл мен сөйлеу психологиясы жайлы айтқандары да аса мәнді. «Тілдің мәдениеті, - деп жазады ол, - ақылдың аңдауын аңдағанша қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түйінін түйгенше айтуға жарау... сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады... тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады...». Бұл психологиялық жағынан өте пәрменді тұжырым. Өйткені, қазақтың қазіргі кездегі ұлттық тәрбиесінің мықтап ақсап, тіпті батпаққа белшесінен батып жату себебінің бірі – осы халықтың, әсіресе тәлімгер қауымның ана тілін жоғарыда Ахаң айтқандай түлетіп, оның тәрбиелік ықпалын, өз дәрежесінде пайдалана алмай жүргендігінде. Расында да егер тәлімгер атаулының сөз саптауы шорқақ, ойға саяз, тыңдауға әсерсіз болса, шәкірт тәрбиесінде берекесіздік туады, сөздің тәрбиелік қадыр-қасиеті, құны төмендейді. Олай болса, баланың сөз өнеріне жетелеуінің, сөйлеу мәдениетінің арта түсуіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігі ылғи да естен шықпауы тиіс [6].