Қоршаған ортамен таныстыру кезінде сөздік қорларын дамыту



бет6/6
Дата16.05.2023
өлшемі70,36 Kb.
#93945
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алимхан Қ. Молдажанова А макала сойлеуды дамыту

Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды қоршаған отрамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Қоршаған отрамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр.


Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Қорыта келгенде ересектер тобындағы балалардың қоршаған отрамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделіп, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Алға қойылған зерттеу міндеттеріміз өз шешімдерін тапты. Атап айтқанда,
- Балалардың көрнекілік арқылы тілін дамытудың педагогикалық мәселелерін айқындалды;
- 5-6 жастағы балалардың тілін көрнекілік арқылы дамытудағы жас және психологиялық ерекшеліктерін анықталды;
- Қоршаған отрамен танысу сабағында ересектер тобындағы балалардың көрнекілік арқылы тілін дамыту мазмұнын ашылды;
- Қоршаған отрамен танысу сабағында көрнекілік арқылы балалардың тілін дамыту әдістерін көрсетіліп, қорытындыланды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.А.Қасабеков, Ж.Алтаев. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – Алматы: Ғылым, 1995. 181 б


2. А.Байтұрсынов. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989 -318б
3. А.Байтұрсынов. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989 -318б
4. А.Құнанбаев. Шығармаларының толық жинағы. –Алматы, 1961 -460б
5. А.Меңжанова. Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы
6. Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Алматы: Мектеп, 1989 – 176б
7.Я.А.Коменский. Великая дидактика. –М: Начальная школа, 1993 -279с




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет