Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты психологиялық педагогикалық сипаттамасы
Орындаған:Жұмекен Б.Е
Тексерген: Кенжебаева Н.Н
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ)
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады. Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға Денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады. ЭЫҰД (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады.
Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени себептерге байланысты ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің психологиялық - педагогикалық сипаттамасы.
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі: «Білім туралы» мемлекеттік заңда инклюзивті білім беру «ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық оқушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін үдеріс» ретінде айқындалады (1-бап, 21-7-тармақтар). «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар)» анықтамасы шамалап қана берілген: «ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) – бұл денсаулық жағдайына байланысты білім алуда қиындықтарға тап болған және арнайы, жалпы білім беру бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларына мұқтаж адамдар».