Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар. 2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар. зияты қалыпты балалардың ерекше қиындықтары жеке оқу дағдыларын меңгеруде байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.). бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және оны балаларға мамандардың тиісті көмегімен жоюға болады. мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар ерекше психологиялық факторлардан (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрдастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасаудағы әртүрлі қиындықтардан (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) пайда болуы мүмкін. 3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім беруге қажеттілігі туындайтын балалар. бұл топқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған нашар отбасынан шыққан немесе бала тәрибесіне көңіл аудармайтын отбасылардан, әлеуметтік қатерлі топтағы отбасы балалары (ішімдікке, нашақорлыққа жақын ата-аналар), сонымен бірге жергілікті әлеуметке бейімделуде қиындықтары бар (босқындар, мигранттар, оралмандар) не- месе оқу тілін түсінбейтін және бұл тілде сөйлемейтін балалар кіргізіледі.
Мұндай оқушыларға келесідей қолдау көрсетуге кеңес беріледі:
оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдау бағдарламасын құру (мұғалімдермен бірге ЕБҚ бойынша үйлестіруші);
жеке білім беру жоспарын ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыруға және қабілеттерін дамытуға бағыттау;
осы ақпаратты және/немесе оқытуды барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ұсыну және оқытудың икемді тәсілін енгізу (мысалы, егер емлемен проблемалар болса, онда өткен материалды басқа жолмен жазу қажет);
оқушының не істей алмайтынына емес, нені жақсы істей алатынына назар аудару;
ата-аналарды үйде оқытуды қолдау жоспарын әзірлеуге тарту;
өзін-өзі бақылауды дамытуға көмектесу.