Қоршаған ортаны қорғаудағы қазақстандық экософия



бет2/4
Дата30.03.2022
өлшемі31,56 Kb.
#29227
1   2   3   4
Байланысты:
Әбдіғафур Маржан Философия мақала

Кілт сөздер: экологиялық философия, философия, экология, табиғи апаттар, қоршаған орта, экологиялық проблемалар, атмосфера, ластану, газ, таза су, биотехника, күкіртті гидроортар, энергия көзі, белоктар, мұнай қалдықтары, көгалдандыру, темекі, түтін, автокөлік, қоқыс, шикізат, зиянды паразиттер, микроорганизмдер, арамшөп, пестицид, химиялық қосылыс.

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.(Ы.Жақаев).

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап бірнеше табиғи экологиялық апаттарға, жағдайларға көптеп тап болып отырды. Бұл тұрғыда, елімізде қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау жұмыстары бойынша біршама іс-шаралар, жоспарлар жүргізілген болатын. Қазіргі күндегі мемлекетіміздің экологиялық проблемалар кезінде жасаған жұмыстары, жоғары форматта өткізіліп, өз нәтижесін берді. Ендеше, республикамызда өтілген экологиялық апаттар мен олардың алдын алу шараларына тоқтала кетейік.



Тәуелсіз қазақ еліміздің «Білім беру туралы» Заңы мен педагогикалық тұрғыда қабылдаған тұжырымдамасында: «Өркениетіміздің жаңаруындағы жаңа заман мұғалімі – адамгершілігі қай уақытта да жоғары, жауапкершілігі қандай іске келгенде де мол, өз жұмысына белсенді, зерек, жасампаз, қабілеті басым, экологиялық мәселелерде білімі бар, шығармашыл адам, өзін-өзі көрсетуге ынтасы жоғары және өзін-өзі дамытуға бейім, коммуникативтік әдіс – тәсілдерді жетік меңгерген, ақпараттарға келгенде біліктілілігі басым маман» болуы міндетті деп көрсеткен. Демек, бүгінгі күннің ұстаздарына артылған міндеттер оңай емес.

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне әсер ететін ең алдымен отбасы болса, келесі кезектегі дүние ұстаздары мен әр кезеңде байланыста жүрген қоғамы, әлеуметтік ортасы. Міне, біз отбасы болып, ұстаз болып жанымызда жүрген жас буын өкілінің санасына тәрбиені қарапайым табиғатты таза ұстап, қорғау керектігіне баули алсақ – біз өзімізге артылған міндетті орындаған болар едік. Бұдан шығады: ұстаз, ата – ана, аға – іні қызметтері бап болғаны педагогикалық бағытта қарастырылмайды, ол әлеуметіміз бен саясатымыз, экономикамызды да қамтиды екен. Ал бұл айтылған дүниелердің барлығы табиғатпен тікелей байланысты болғандықтан, табиғатты қорғау – әр азамат пен азаматшаның міндеті[1].

Заманымыздың жаңарып, түрлі технологиялардың арасындағы субьекті мен обьекті байланысын адам мен табиғат, яғни қоршаған орта деп сипаттай аламыз. Осылай келе, екі байланыстың арасында түрлі шиеленісулер пайда болып, бәрімізге түсінікті ұғым – экологиялық дағдарыс сөзі шығады. Бұл шиеленісті шешудің жолы – өзіміздің қазақ қоғамына эколгиялық мәдениетті қалыптастыра алу. Сол себептен де, артымызда өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғауға дағдылап, өсіруіміз керек. Бұл тұрғыда, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны істейсің», «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүрер» деген қазақ мақал – мәтелдері есімізге түседі. Қазақ менталитетінде, өзгеге ақыл айту үшін, өзіміз сол нәрсеге лайықты болуымыз тиіс. Мәселен, егер үлкен аға буындар, ең алдымен, өздері көшеге қоқыс тастамай, жерде жатқан түрлі қоқыстарды терсе, табиғатты қорғаса, аяласа, бұл істі көрген жас балада дәл солай жасайды. Керісінше, қоқысты көрінген жерде тастап кететін болса, балаларда соған қарай өседі. Демек, экологиялық мәдениетті ең алдымен өзімізден бастауымыз қажет. Сонда ғана, адам мен табиғат арасындағы байланысты ретке келтіре аламыз. Осы орайда, «Экологиялық мәдениет дегеніміз не?» деген сауалдың санамызда туындары анық.

Біз қарастырып отырған экологиялық мәдениет – барша адамзаттың табиғатты қорғауға қатысты мәдениетінің бір бөлігі. Экологиялық мәдениет – әрбір қазақтың санасында болуы қажет. Сол кезде ғана, барша адамзаттың өмірі ұзақ, дені сау болады. Таза табиғат – әр қазақтың үйлесімді бірлігі.

Қазақ санасындағы философия өмір салтындағы болмыспен дараланды. Баланың дүниеге келуі, қуанышты, яки қаралы бір хабардың болуы, ауа – райының қандай болатындығы, қыс, жаз мезгілдерінің ыстық, суық болатынын болжау үшін табиғаттағы бір дүниені пайдаланды. Тіпті мәдениеті мен ұлттық болмысының жоғары болуын табиғатпен байланысты. Бұған дәлел ретінде, зерттеуші, ұлт перзенті Шоқан Уәлихановтың мына бір сөзін келтірсек болады. Ол өзінің бір еңбегінде: «Көшпелі елдердің қай-қайсының болсын бір өзгешелігі – олар өлең-жырға бай, шебер келеді….мұндай қасиеттердің болуына көшпелілердің алаңсыз көшпелі өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен қоншақтай тізілген жұлдыздары көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме кім білсін» – деп жазды. Зерттеуші өзінің «Қазақтардағы шамандықтардың қалдығы» атты еңбегінде қазақ ұлтының жарытылыс күштеріне табынуының себебі табиғатқа деген махаббатының арқасында деген болатын[2].

Ұлтымыз ерте заманнан – ақ, табиғатты барынша құрметтеп, бір дауылдың, яки жаңбырдың кенеттен көп жабуын Алла Тағаланың қаһары деп түсінген екен. Сол себептен де, қазақ халқы табиғаттың сырын өмірінде болып жатқан түрлі өзгерістермен байланыстырып келген екен. Тіпті қазақ ақын жазушылары табиғатқа тіл бітіріп, өз шығармашылығының тақырыбы ретінде арқау етті. Мысалы, Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңініндегі табиғат көрінісі – ашулы, қаһарлы кәрі шалдың бейнесі ретінде келтірілген:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет